Сарбаздар Көкшенің көсемсөз шебері – Төлеген Қажыбаевты еске алу кешіне қатысты

6 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5510 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Көкшетау қалалық орталық үлгілі кітапханасында өткізілген ақын, жазушы-драматург, журналист және қоғам қайраткері Төлеген Қажыбаевтың 80 жылдық мерейтойына арналған «Көкшеден көтерілген көк қаршыға» атты әдеби кешке қатысты.

Жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік құндылықтарды ұлы тұлға еңбектері арқылы қалыптастыру шеңберінде өткізілген іс-шарада жерлес ақынның өмір жолы мен шығармашылық еңбектері баяндалды. Сарбаздар ақын өлеңдерін жатқа айтып, прозасынан үзінділер оқыды. Сондай-ақ, ұлы тұлға жайында деректі фильм көрсетілді. Іс-шара соңында еліміздің әр өңірінен келген сарбаздар айтулы ақынның мерейтойына арналған кітаптар көрмесімен танысты.

Бауыржан НҰРҒАЛИЕВ,
5510 әскери бөлімінің
аға лейтенанты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар