Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«SalyqBot» жедел көмек көрсету қызметін қосты - АРҚА АЖАРЫ

«SalyqBot» жедел көмек көрсету қызметін қосты

«Salyqbot» шотты бұғаттан шығару және жеке тұлғалардың салықтары бойынша жедел көмек көрсету қызметін іске қосты. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің «Salyqbot» Telegram-каналында салық төлеушілерге жедел көмектің екі қызметі іске қосылды: «Шотты бұғаттан шығару» және «Жеке тұлғалардың салықтары бойынша көмек».

Бұл қызметтер «бір рет басу» арқылы банктік шоттар бойынша бұғаттау себептерін анықтау үшін өтінім жіберуге немесе мүлік салығы, жер салығы, көлік құралдары салығы бойынша көмек алуға мүмкіндік береді.

Көрсетілген қызметтер бойынша «Salyqbot» пайдаланушыларына сұрау жіберу үшін өңірді (облысты/қаланы) көрсету жеткілікті, содан кейін 24 сағат ішінде Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкері егжей-тегжейлі ақпарат беру үшін салық төлеушімен байланысады.

Бұл қызметтерге кіру үшін https//t.me/SalyqBot?start=arrest («Шотты бұғаттан шығару»), https//t.me/SalyqBot?start=naloq («Жеке тұлғалардың салықтары бойынша көмек») сілтемелеріне өту қажет.

Немесе автоматты түрде «Salyqbot» қосымшасына аударылатын QR-кодты пайдалану жеткілікті. Телефон камерасын немесе кез-келген браузердің камерасын (Google, Yandex және т.б.) QR-кодқа бағыттаңыз.

Осылайша, салық төлеушілердің мемлекеттік кірістер органдарымен байланысының тағы бір арнасы пайда болды. Енді ақпаратты 1414 (3) Байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы немесе Мемлекеттік кірістер органдарына бару арқылы ғана емес, сонымен қатар онлайн сілтемелер мен QR-коды арқылы оңай және қарапайым түрде ала аласыз.

Нұрлан Ысқақов Ақмола облысы бойынша МКД баспасөз қызметі

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар