«Қазақстан эрудиті» облыстық зияткерлік-танымдық байқауының жеңімпазы анықталды

Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы 2022 жылдың 13-14 желтоқсанында «Қазақстан эрудиті» облыстық зияткерлік-танымдық байқауын өткізді.

Білім додасына Ақмола облысының 12 ауданы және Қосшы, Астана, Степногорск, Көкшетау қалаларынан жалпы білім беру мектептерінің 7-8 сыныптарынан 18 оқушы қатысты.

Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу, олардың туған ел тарихы жайлы білімдерін кеңейту, облыстың жалпы білім беретін мектептеріндегі үздік оқушыларды анықтау.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, конкурс үш кезеңнен тұрды – «Жүйріктер жарысы», «Ұшқыр ойда», «Қызықты Quiz». Интеллектуалды байқау барысында қатысушылар зейінділікпен, креативті ойлау қабілетімен және қысқа мерзімде шешім қабылдау қабілетімен жарысты.

Қазылар алқасының шешімімен келесі қатысушылар жүлделі орындарға ие болды:
1 орын – Қуанышбек Гауһар – Көкшетау қаласы, М.Ғабдуллин ат. №3 көпсалалы гимназиясының 8 сынып оқушысы.
2 орын – Досанов Темірлан – Жақсы ауданы, Жақсы ау. №1 ЖОББМ 7 сынып оқушысы.
3 орын – Наурызбаева Меруерт – Бурабай ауданы, Щучинск қ. «Білім инновация» ІТ лицей-интернатының» 8 сынып оқушысы.
3 орын – Дуланқызы Альмира – Қосшы қаласы, №2 ЖОББМ 7 сынып оқушысы.
3 орын – Көкенай Дастан – Атбасар ауданы, Мариновка ау. №2 ЖОББМ 8 сынып оқушысы.
3 орын – Санах Ислам – Степногорск қаласы, №4 «Болашақ» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей интернатының 8 сынып оқушысы.

Жүлдегерлер Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, байқау қатысушыларына белсенді қатысқаны үшін грамоталар табысталды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар