Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большинаның мәліметінше, Павлодар қаласында ерлер арасында бокстан Қазақстан Республикасының чемпионатының финалдық кездесуі өтті.
Жарысқа 13 салмақ бойынша 200-ден астам мықты спортшы қатысты. Ақмолалық былғары қолғап шеберлерінің арасында 48 келі салмақта Теміртас Жүсіпов чемпион атанса, 57 келі салмақта Оразбек Асылқұлов күміс медаль иеленді.