Целиноград ауданында мешіт тонаған күдікті ұсталды

Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы жылғы 9 желтоқсанында Целиноград аудандық полиция бөліміне мешіт қызметкері хабарласып, 8-9 желтоқсан аралығында 21:30-00:40 аралығында белгісіз біреулердің мешіт ғимаратының пластикалық есігін бұзу арқылы сейфтен 649 мың 500 теңге сомасында ақша ұрлап әкеткенін айтты.

Тергеу-жедел тобы оқиға орнынан күдіктінің саусақ іздерін алып, қаскүнемнің сейф есігін ашу үшін қолданған құралдардың іздерін зерттеді, бейнебақылау камераларының жазбаларын қарады, сондай-ақ ықтимал куәгерлерден түсініктеме алды.
«Қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде күдікті анықталды.

Ол бұрын мешіттерден ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет қылмыстық жауапқа тартылған Қосшы қаласының 27 жастағы тұрғыны болып шықты. Осы дерекке қатысты ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деді ведомстводан.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар