Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Алда ел болашағының жаңа міндеттері тұр - АРҚА АЖАРЫ

Алда ел болашағының жаңа міндеттері тұр

2022 жылдың 20 қарашасында елімізде кезектен тыс өткен президенттік  сайлауда  Қазақстан халқы өз таңдауын жасағаны, Қасым-Жомарт Тоқаев басым дауыспен жеңіске жетіп, 26 қарашакүні  Ұлықтау рәсімі өткені белгілі.

Осы бір аса маңызды саяси  науқан  кезінде  атқарылған жұмыстарды сараптау бағытында «Аманат» партиясының Ақмола облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Ақманат Әлімбетованы әңгімеге тартқан едік.

 – Ақманат Ақниетқызы, қазақстандықтар өз таңдауын жасап, кезектен тыс президент сайлауында белсенділік пен ұйымшылдық танытқаны белгілі.  Президент те сайланды, ұлықтау рәсімі де өтті. Президент сайлауынан соң қандай ой түюге болар еді?

– Әлбетте, сайлаудың ойдағыдай өткеніне баршамыз қуандық.Президенттікке дауысқа түскен көп үміткердің арасынан Қасым-Жомарт Тоқаев  82 пайыздан астам дауыс жинады. Президентімізді халықтың өзі таңдады деуге болады. Енді Президентіміздің алдағы жеті жыл ішінде сайлауалды бағдарламасында белгіленген шаралардыжүзеге асыру міндеті тұр. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді қазақ. Біз әрдайым Президентпен бірге екенімізді сөзбен емес, іспен дәлелдеуіміз керек.Президентті ұлықтау рәсіміне біздің облысымыздан 60 делегат қатысты. Оның ішінде жастар, кәсіпкерлер, медицина, білім беру саласының қызметкерлері, партия ардагерлері бар. Сайлау науқаны кезінде үгіт-насихат жұмысына белсене ат салысқан қоғамдық штаб мүшелері де ұлықтауға қатысты.

– Ел басшысы сайлауалды бағдарламалық сөздерінде және ұлықтау рәсімінде деауылды дамыту мәселесін өте орынды көтерді. Осыған орай не айтар едіңіз?

–Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өткен ұлықтау рәсімінде   Қазақстан халқының 40 пайызға жуығы ауылда тұратынын мәлімдеп, үкіметке ауылды дамытудың 5 жылға арналған жоспарын әзірлеуді тапсырған болатын. Өзінің баяндамасын да ең алдымен, ауыл мәселесіне арнады.

Ұлықтау өткен күні Президент бірден ауылды дамыту мәселесі туралы Жарлыққа қол қоятынын жеткізді. Бұл оның жаңа президенттік мерзімдегі бірінші жарлығы болды. Осыдан кейін-ақ, мақсатты түрде тиімді жұмыс жүргізіле бастайды деп сенеміз.

–Жалпы, «Аманат» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесіне тұрғындар негізінен қандай арыз-шағымдармен келеді? Кәсіпкерлерден арыз-шағымдар бола ма? Ол мәселелер қалай шешімін табуда?

– Жалпы, партияның қоғамдық қабылдаулары – партияның алғы шебі деуге болады. Партияға келген азаматтар алдымен қоғамдық қабылдауға келеді. Мемлекеттік органдардан нәтиже болмаған кезде, адамдар партиядан көмек сұрап келіп жатады.Ағымдағы жылдың 9 айындапартияның қоғамдық қабылдауына 6796 өтініш келіп түсті. Оның 61 пайызы оң шешімін тапса, 38 пайызына түсінік беріліп, 1 пайызы бақылауға алынды. Бұрынғыдай ең өзекті мәселелер тобына – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, әлеуметтік қамсыздандыру, тұрғын үй және жер телімдерін беру, еңбек және еңбек даулары кіреді.Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелеріне қатысты 2068 өтініш келіп түсті. Оның 55 пайызы оң шешімін тапты. Сондай-ақ, халықты электр қуатымен, ауызсумен, жылумен қамтамасыз ету, елді мекендерді абаттандыру мәселелері толғандырады. Әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері, яғни, АӘК беру, мүгедектік алу, материалдық көмек көрсету бойынша келіп түскен 1338 өтініштің 71 пайызы оң шешілді.Есепті кезеңдегі өтініштердің 963-і немесе 14 пайызы еңбек және еңбек даулары бойынша сұрақтар болды. Өтініш бергендердің 85 пайызын жұмысқа орналастыру мәселесі шешімін тапты. Ал, азаматтарды мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтермен қамтамасыз ету мәселесі тоғыз пайызды құрайды, бұл мәселе біртіндеп қарастырылады.

Жалпы, партияның қоғамдық қабылдауларында азаматтарды қабылдаудың қандай тәртібі мүмкіндіктері бар. Қабылдау бекітілген ережеге және азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес жүзеге асырылады. Осы уақыт аралығында 1948 мәрте азаматтарды қабылдау жүргізіліп, оның барысында 4832 адам қабылданып, өтініштердің 58 пайызы оң шешімін тапты. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдардың басшылары 603 қабылдау өткізіп, 1387 өтініш қабылдап, ол өтініштердің де жартысынан астамы орындалды.Барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары 613 қабылдау өткізіп, 1320 өтініш қабылданып, 75 пайызы оң шешілді. «Халыққа Көмек» жобасы аясында тақырыптық қабылдаулар өткізілуде, апта сайын адвокат, нотариустар, адвокаттар және медиаторлар қабылдау жүргізеді. Азаматтарға ауызша заңгерлік кеңестер беріліп, сот құжаттары рәсімделді, соттарда азаматтардың мүдделері қорғалды.«Заңгерлік көмек» партиялық жобасы аясында 212 қабылдау өткізіліп, 406 азаматқа консультативтік көмек көрсетті. Сонымен қатар, «Халыққа көмек» аясында да өткізілген қабылдаулар мен шешімін тапқан мәселелер аз емес.

Ағымдағы жылдың 9 айында шалғай елді мекендерде 40 көшпелі қоғамдық қабылдау өткізіліп, нәтижесінде 340 адам қабылданды. Ауылдардың жағдайын білесіз ғой, шешілген де, шешілмеген де мәселелер бар. Қабылдауларда міне, сондай сауалдар көтерілді. Тек соңғы кезде ғана«Тыныс», «Новопэк», «ЭПК-Степногорск», «Қамқор-Локомотив», «Феникс» Капитал Проджект» кәсіпорындарындағы бес ірі бастауыш партия ұйымдарында қоғамдық қабылдаулар ашылды. Ел мүддесі үшін жүргізіліп жатқан бұл жұмыстар алдағы уақытта да өзінің жалғасын тауып, партия филиалы әділетті жаңа Қазақстанды құру ісіне бар күш-жігерін бағыттай берері сөзсіз.

– Әңгімеңізге рахмет.

 Әңгімелескен Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар