Газ тарту және жылу беру жұмыстарына қанықты

Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Талғат Жүнісов Аршалы ауданына жұмыс сапары барысында жылумен жабдықтау объектілерінің жағдайымен, сондай-ақ, газ құбыры мен тармақтарын тарту шараларымен танысты.

Бірінші кезекте ол жақында автономды қазандықтың қирауы орын алғанЖұмабек Тәшенов атындағы жалпы білім беретін мектепте болды.  Оқу орнының директоры Г.Байділдина мен аудандық мәслихаттың хатшысы Е.Қазбеков бүгінгі жағдай туралы баяндады. Мектеп басқа жылу қазандығына жедел қосылып, штаттық режимде жұмыс істейтіні атап өтілді.  Қазір мұнда бұрынғыдан да жылы.

Аршалы кентінің агротехникалық колледжінде Талғат Тұрлыбекұлы білім беру объектісінің жылу режимін ғана емес, сонымен қатар, балаларды оқыту мен орналастырудың басқа да жайларын сұрастырып  білді.

Ауылда бірнеше жылумен жабдықтау нысаны бар. «Аршалы Су-2030» ШЖҚ МКК директоры Х.Барлыбай түсіндіргендей, №1 қазандық ескі, 1950 жылы салынған, тозығы жеткен, бірақ, ағымдағы жылы мұнда жаңа қазандықтар орнатылды, бұл қызмет көрсетілетін объектілерді үздіксіз және сапалы жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мәслихат хатшысы кенттің орталық қазандығының қуатын және карьер қазандығын тексерді.  Аршалы әкімдігі өкілдерінің айтуынша, биыл үшеуінде де жөндеу жұмыстары жүргізіліп, көмірдің жеткілікті қоры бар.

Бұдан басқа, қазіргі уақытта Аршалы кентінде жеке тұрғын үй қорын газдандыру аяқталуда. Жұмыс сапары барысында Талғат Тұрлыбекұлы үйіне газ енгізілген Макаровтар отбасына барды. Олар көгілдір отынды тұрмыстық қажеттіліктер үшін ғана емес, үйді жылыту үшін де пайдаланады.   Макаровтар алғашқылардың бірі болып газ алғанынақуанып отыр, бұл өте ыңғайлы және экологиялық таза екенін айтады.

–Елорданың айналасындағы елді мекендерді газдандыру жұмыстары жалғасуда. Уақыт өте келе көгілдір отын Ақмола облысының басқа аудандарына да келеді деп сенемін. Мен өз тарапымнан аудандық мәслихаттағы әріптестерімнен және әкімдік өкілдерінен осы мәселені тұрақты бақылауда ұстауды сұрадым. Аршалы тұрғындары айтқан барлық өтініштер мен ұсыныстар бойынша депутаттық сауалдар жасалады, – деп бөлісті Т.Жүнісов өз жұмыс сапары туралы.

Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар