Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Айдар, Айдар, ақ Айдар...» - АРҚА АЖАРЫ

«Айдар, Айдар, ақ Айдар…»

Көкшетау қалалық орталық үлгілі кітапханасында партизан ақын Жұмағали Саиннің туғанына 110 жыл толуына байланысты «Мен сүйемін өмірді» атты әдеби портрет кеші өткізілді.

Ақындығына қоса, жазушы және аудармашы, Ұлы Отан соғысына қатысушы Жұмағали Саин 1912 жылы қазіргі Көкшетау облысының Арықбалық ауданында кедей отбасында туған. Төрт жасында әкеден, бес жасында шешеден айырылған ол балалық шағын әкесінің інісі Сыздықтың қолында өткізеді, жоқшылық пен жетімдік зардабын бірдей тартады. Көкше елінің ақындық, әншілік дәстүрі оған ерте әсер еткен. Туған жердің сұлу табиғатын жетім бала өзіне жұбаныш тұтқан.

Көкшетау коммунасында Жұмағали алғашқы шәкірттік өлеңдерін жазады. Олардың кейбірі Петропавлдағы «Бостандық туы» газетінде басылады. КазПИ-де оқыған, Қарсақпайда жұмыс істеген жылдарында оның қаламынан көптеген өлең-жырлар туады. Отызын­шы жылдардың бас кезінен бастап оның өлеңдері республикалық мерзімдік баспасөзде жарық көре бастайды. 1936 жылы ақынның «Бақыт жыры», 1938 жылы «Алтын таң» атты кітаптары шығады.

Бұл жылдардағы Жұмағалидың ақындық мектебі халық поэзиясы мен қазақ ақындары Сәкеннің, Бейімбеттің, Ілиястың, Сәбиттің үлгілері болды. Кейінірек ол орыс тілін игеріп, орыстың және дүниежүзілік поэзияның көрнекті өкілдерінің шығармаларымен танысады. Тақырыбы жағынан жас ақын отызыншы жылдар ішіндегі біздің қоғамдық өміріміздің жаңалықтарын жырлауға ұмтылады. Совет халықтарының жаңа өмірі, колхоздағы еңбек адамдары, Ұлы Октябрь мен Лениндік партия туралы ой-пікірлері, табиғат суреттері оның алғашқы өлеңдерінің идеялық өзегі болады. Жұмағалидың алғашқы кітаптары ақынның іздену, өсу жолының жемістері болатын. Ондағы өлеңдердің көркемдігі әрқилы.

Жұмағали Саин «Досыма хат» (1939), «Күләнда» (1940) тәрізді поэмалар жазды. Бұлар оның эпикалық поэзиядағы алғашқы талабы болуымен бірге, ақындық ізденісінде жаңа кезең туғанын әйгіледі. Кейін Ұлы Отан соғысына қатысқан Жұмағали партизан қозғалысында көзге түсіп, майдан туралы тамаша жырлар циклын өмірге әкеледі. Солардың бірі – Айдар өзеніне арнаған өлеңі.

Кітапханамызда Жұмағали Саиннің туғанына 110 жыл толуына байланысты «Мен сүйемін өмірді» атты әдеби портрет өткізуіміздің мақсаты ол кісіні білу, жас ұрпақты Жұмағали аталарымыздың әдебиетке, өлеңге құмарлығына баулу болып табылады.

Кеш барысында оқушылар ақынның өлең жолдарынан үзінділер  оқып, өздерінің алған әсерлерімен бөлісті, кітапханашылар дайындаған   бейнеслайд  пен  бейнесюжетті көріп, кітаптары қойылған  танымдық көрмені тамашалады.

Жұлдыз СЫЗДЫҚОВА,
Көкшетау орталық қалалық үлгілі кітапханасының кітапханашысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар