— Танымал қоғам қайраткері, философия ғылымдарының докторы, профессор Амангелді Айталы 83 жасында дүние салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл жайында Ақтөбе облысы әкімдігінің ақпаратынан белгілі болды.
Ол 1939 жылы Астрахан облысы Володар ауданы Болдырево ауылында дүние келген. Ал жоғары оқу орнын Ақтөбеде оқыған.
1964-1967 жылдары қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аспирантурасында білім алды.
Еңбек жолын мектепте орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі болып бастады.
Философия ғылымдарының докторы, профессор. ҚР Қоғамдық ғылымдар академиясының академигі.
Ұзақ жылдар білім және ғылым саласында қызмет еткен.
1999-2004 жылдар аралығында екінші шақырылымдағы және 2004-2007 жылдардағы үшінші шақырылымдағы Парламент депутаты.
Бірнеше ғылыми-көпшілік кітаптың және жүздеген ғылыми мақаланың авторы.
«Құрмет белгісі, «Парасат» ордендерімен марапатталған, Ақтөбе қаласының құрметті азаматы.