Көкшетау университетінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бойынша магистрлер даярлана бастайды

Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді заманауи шараларын қабылдау мемлекеттік органдар үшін ғана емес, квазимемлекеттік сектор үшін де өзекті болып табылады.

Осы тұрғыда, 2020 жылдың соңында квазимемлекеттік сектор субъектілерінде корпоративтік парасаттылық стандарттарын сақтауға жауапты тәуелсіз комплаенс қызметтерінің мәртебесі заңнамалық түрде бекітілді.

Комплаенстің негізгі міндеттері ұйымның сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін басқару, ұжымның сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауын бақылау, мүдделер қақтығысын реттеу, корпоративтік этикалық құндылықтарды ілгерілету болып табылады.

Қазіргі уақытта Ақмола облысының квазимемлекеттік секторының 320-дан астам ұйымында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс іске асырылуда. Олардың қатарында «Тыныс» АҚ, «SSAP» ЖШС, «СЕМИЗБАЙ-U» ЖШС, «А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС, «Бурабай» республикалық оңалту орталығы» ШЖҚ РМК, «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КЕАҚ, «Оқ-Жетпес» емдеу-сауықтыру кешені» АҚ.

Айта кету керек, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде комплаенс-офицер штаттық лауазымын енгізумен қатар, комплаенс институтын ілгерілету мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс» бейінді магистратурасының білім беру бағдарламасы енгізілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бастамасы бойынша сертификатталған ұйымдар өңірдің квазимемлекеттік секторының субъектілері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйесін, оның ішінде ISO 37001 халықаралық стандартын енгізу бойынша оқу курстары өткізеді. Бүгінгі таңда 60-тан астам комплаенс-офицер оқудан өтіп, тиісті сертификаттар алды.

Сондай-ақ, жыл басынан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті іске асыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды сапалы жүргізу (нақты кейстерді көрсете отырып) мәселелері бойынша 30-ға жуық түсіндіру семинарлары өткізілді.

Өз кезегінде, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің комплаенс-қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша 160-тан астам іс-шаралар және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 70-ке жуық ішкі талдау жүргізді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде комплаенс-қызметтерінің жұмысы мәселелерінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің үйлестіруші рөлі күшейтіледі. Сондықтан Департамент квазимемлекеттік сектор компанияларының басшылығын өз ұйымның қызметінде және персонал арасында сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау бойынша барлық қажетті пәрменді шараларды қабылдауға шақырады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар