Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Студенттік театр фестивалінен олжалы оралдық - АРҚА АЖАРЫ

Студенттік театр фестивалінен олжалы оралдық

Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің «Шаңырақ» театрының ұйымдастыруымен «Үміт» ІІ республикалық студенттік театр фестивалі болып өтті. Фестивальде Астана, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Семей, Тараз, Атырау, Орал, Павлодар, Көкшетау қалаларынан жоғары оқу орындарының театрлары өнер көрсетті.

Бұл театрлар өздері дайындап келген әр түрлі қойылымдары мен пьесаларын жоғары деңгейде сахналады. Көкшетау қаласының атынан өнер көрсеткен Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің жанынан құрылған «Жауқазын» студенттік жастар театры Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған 11 театрдың қатарында белгілі жазушы Төлен Әбдіковтың «Оң қол» атты шығармасының желісі бойынша «Жүрекке оралу» атты спектаклін қойды. Инсценировканы жасаған театрдың белді мүшесі Фариза Тілеуберген. Қоюшы режиссері – Фариза Әбдікәрім.

Театрдың көркемдік жетекшісі – Құдайберген Насыров. Гастрольдік сапарға университеттен 11 студент арнайы дайындалып, олармен бірге, театрдың әншілері мен бишілері де өнер көрсетті. Фестиваль соңында «Үздік әйел адам бейнесі» номинациясына басты рөлді сомдаған Асылзат Жәли ие болып, 50 мың теңге көлеміндегі қаржылай сертификатқа қол жеткізді. Фестивальде өнер көрсеткен театр мүшелерін атай кетсек, олар Асылзат Жәли, Арайлым Саментаева, Өткірбай Шердалы, Меруерт Қалыбай, Айша Егізбай, Бағлан Саттаров, Ерасыл Созақбай, Орманбек Бектұрған, Оралай Сатыбалдиева, Жанғали Ерасыл, Қыдырәлі Қалмұрат.

Сонымен қатар, қараша айының аяғында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің 4-курс студенттері «Шоқан жұлдыздары» фестивалін өткізді. Шараның салтанатты марапаттау рәсімі Көкшетау қаласының мәдениет үйінде өтіп, қаланың және оқу орнының әлеуметтік-мәдени және спорттық іс-шараларына белсене қатысып, халықаралық және республикалық жарыстарда жүлделі орындарға ие болған 25 студентіміз арнайы марапаттармен атап өтілді.

Университеттің бірінші проректоры Ғалым Байтық фестивальді құттықтау сөзбен ашып, студенттерге қол жеткізген жетістіктерімен тоқтап қалмай, әрқашан алға жылжуға және кез-келген шыңдарды бағындыру жолында талмай еңбек етулеріне тілектестігін білдірді. Сонымен қатар, ғылыми жұмыс және өңірмен өзара іс-қимыл жөніндегі проректор Айгүл Жақыпова да сөз алып, фестивальмен құттықтады. Фестивальде «Жауқазын» студенттік жастар театрының мүшелері Айдын Жанболат, Алтынай Мұсаханова, Заңғар Молдабеков, тағы басқа да студенттер өз өнерлерін ортаға салды. Аталған фестивальде «Жауқазын» студенттік жастар театрының белді мүшесі Камила Әбдікәрімнің «Шоқан жұлдызы» медалімен және дипломмен марапатталғанын да айта кеткен жөн.

Жастарға туғызылып жатқан мүмкіндіктерді университетіміздің талапкерлері барынша тиімді пайдаланып, еліміздің бүгіні мен ертеңіне еңбек сіңіретін азаматтар мен азаматшалар болып қалыптасады деп сенеміз.

Мафтуна НАЖИЕВА,
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің
3-курс студенті, «Жауқазын» театрының мүшесі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар