Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ауыл шаруашылығы саласындағы сыбайлас жемқорлық мәселесі талқыланды - АРҚА АЖАРЫ

Ауыл шаруашылығы саласындағы сыбайлас жемқорлық мәселесі талқыланды

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің «Antikor ortalyǵy» алаңында ауыл шаруашылығы саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелерін талқылау бойынша кездесу өтті.

Кеңеске өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосының, Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының, «Ауыл» партиясының, сондай-ақ «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» филиалының өкілдері қатысты.

Сөз сөйлеу барысында Департаменттің превенция басқармасының басшысы Жанат Тұралинов атап өткендей, өкінішке орай, ауыл шаруашылығы саласы дәстүрлі түрде сыбайлас жемқорлық көріністеріне бейім. Бұл туралы қылмыстық істер дәлелдейді. Тек ағымдағы жылы субсидиялау, ветеринария және фитосанитария бойынша қылмыс жасаған бірқатар адамдар, оның ішінде басшы буын да сотталды.

«Өткен жылы біз АӨК-тегі субсидиялау саласының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне кешенді талдау жүргіздік, онда негізгі проблемалық мәселелер нормативтік-құқықтық базаның жетілмегендігі, процестердің нашар цифрландырылуы және автоматтандырылуы болып отыр. Осының барлығын ескере отырып, ауыл шаруашылығы саласы Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасына енгізілген, бұл мәселелер ерекше бақылауда», — деді Жанат Тұралинов.

Кездесу барысында Ауыл шаруашылығы басқармасының басшылығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар, атап айтқанда, АӨК-тегі субсидиялау саласының тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау қорытындылары бойынша ұсынымдарды орындау туралы баяндады.

Басқарма басшысының орынбасары хабарлағандай, Ауыл шаруашылығы министрлігі субсидиялау мәселелеріне қатысты бірқатар Ережелерге өзгерістер енгізді. Атап айтқанда, инвестициялық салымдарды, сыйақы мөлшерлемелерін және қайта өңдеуші кәсіпорындардың шығындарын субсидиялау жөніндегі 3 мемлекеттік қызметке көрсетілетін қызметті алушыларға үшін күту парақтары енгізілген. Енді фермерлер субсидиялауға бөлінген бюджет қаражатының болуына қарамастан өз өтінімдерін бере алады. Бұл мемлекеттік қолдауды кезектілік тәртібімен алуға және аграршылар арасындағы әлеуметтік шиеленісті ішінара жеңілдетуге көмектесті.

Сондай-ақ, Департамент енгізген ұсынымдар бойынша Ауыл шаруашылығы және Энергетика министрліктері фермерлерге жеңілдетілген дизель отынын жеткізу процесін реттеу жөніндегі қағидалардың жобасын дайындады. Бұған дейін бұл мәселелерде елеулі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған болатын. Қазіргі уақытта облыс әкімдігімен бірлесіп фермерлерді жеңілдетілген бағадағы дизель отынымен қамтамасыз ету кезінде операторларды анықтау процесін ретке келтірді.

Кеңес соңында АШБ басшылығына сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сапалы және уақтылы жоюды, сондай-ақ өз бағыныштыларға тиісті бақылауды қамтамасыз ету қажеттігі атап өтілді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар