– Өткен бір тәулікте елімізде коронавирус инфекциясына – 231, коронавирус белгілері бар пневмонияға 11 адам шалдықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Жалпы, 28 желтоқсандағы жағдай бойынша, ел өңірлерінде коронавирустан (коронавирус (КВИ+) –2 480, пневмония (КВИ-) –141) 2 621 адам емделуде. Олардың ішінде 282 пациент стационарда, 2 339 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
– 8 адамның жағдайы ауыр;
– 6 пациенттің жағдайы өте ауыр;
– 2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
Айта кетейік, 26 желтоқсанда коронавирус 175 адамнан анықталған болатын. Пневмонияға шалдыққандар тіркелмеді.