Ақмола облысында жоғалған алты жылқы табылды

Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 желтоқсан күні Егіндікөл аудандық ПБ кезекші бөліміне 34 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, 17-23 желтоқсан аралығында Жалманқұлақ ауылдық округінің маңында еркін жайылымнан 6 жылқысының жоғалғанын айтып көмек сұрады.

Мал иесі өздігінен іздеп көргенімен одан нәтиже болмаған. Шаруашылыққа келтірілген залал сомасы 2 миллион теңгеге бағаланды.
«Егіндікөл аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 3 іздеу тобына бөлініп, жақын маңдағы жыраларды, бос жерлерді, орман екпелерін тексерді.

Іздеу іс-шараларына 12 полиция қызметкері, 3 көлік бірлігі жұмылдырылды. Тәртіп сақшылары жоғалған жерден 15 км қашықтықта Қоскөл көлінің жанынан жоғалған жылқыларды тапты. Қазіргі уақытта жылқылар иесіне қайтарылды, сотқа дейінгі тергеу тоқтатылды», – деді ведомстводан.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар