Бабалар аманатына адалдық керек

Таяуда Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігі Целиноград аудандық филиалының есепті  конференциясы болып өтті.                 

Бұл жиынды кіріспе сөзбен жергілікті филиалдың төрағасы Олжас Кәненов ашып, республика мен Көкшетаудан келген қонақтарды таныстырды. Олардың арасында Астана қаласының халықаралық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Л.Алдабергенова, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының астаналық филиал төрағасының орынбасары А.Құмарбекұлы, Ақмола облыстық халықаралық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Е.Нұғыманов, Ақмола облысының ішкі саясат басқармасының тілдерді дамыту мен ономастика бөлімінің бас маманы Д.Қоспанов бар болатын.

Жалпы, тіл қозғалысы – қазіргі кезде Қазақстанда өткір тұрған мәселе. Әлеуметтік желіде отырған көпшілік оған белсене үн қосып, бұл проблеманың түйткілін шешудің небір жолдарын ұсынып жатыр. Бірақ, дегенмен, көп кінәрат қазақ жұртының өзінде тұрғанын әркім бірдей аңғармайтын сияқты.Қазіргі кезде мектеп пен бақшада қазақ тілді орта  едәуір деңгейде қалыптасып қалды. Оған жоғары оқу орындарының да қосып жатқан үлесі аз емес.     Алайда,үйде де, түзде де біз ана тілімізді жете құрметтеп жүрген жоқпыз. Оған көпшілік куә.

Целиноград ауданында тіл мен ономастикаға байланысты біраз жұмыстар тындырылғаны белгілі. Көптеген елді мекендердің атаулары, көшелері қазақшаланды. Соған қарамастан, бір кісідей жұмыла алда атқаратын іс көп.

Жиналыста тіл саясатын белсенді жүргізгені үшін Ермек Нұғыманов Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Алма Айтқожиноваға Ақмола облысы әкімінің Алғыс хатын табыс етті, ал, Олжас Кәненовті Құрмет грамотасымен (суретте) марапаттады.

Мерекелік жиында «Қазақ елі», «Ана тілім», «Рахмет саған, туған ел» әндері шырқалды. Сонымен қатар, жас ақын Азамат Мәлжанбай көпшілікке «Қасиетті ана тілім» деген өлеңінарнады.

Ж. СӘЛКЕНҰЛЫ.

Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар