Тоқаев Эльвира Азимованы Конституциялық Сот Төрағасы етіп тағайындады

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Эльвира Әбілхасымқызы Азимова ҚР Конституциялық Сотының Төрағасы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Э.Азимова қызметіне 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап кіріседі.

Эльвира Әбілқасымқызы Азимова 1973 жылы Жамбыл қаласында (қазіргі Тараз) дүниеге келген. 1996 жылы Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін бітірген, халықаралық заңгер біліктілігі берілді.

Еңбек жолын 1996 жылы ҚР Әділет министрлігінде бастады. 1996 – 1999 жылдар аралығында – халықаралық құқықтық қамтамасыз ету басқармасының жетекші кеңесшісі, бас кеңесші. 1999 – 2005 жылдар аралығында заңнама, халықаралық құқық және хаттама департаменттері басқармаларының бастық орынбасары, бастығы болды. 2005 – 2010 жылдар аралығында – заңға тәуелді актілер және халықаралық құқық, мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау, келісімшарттар және талап-арыз жұмыстары департаменттерінің директоры. 2010 – 2013 жылдар аралығында – Әділет министрлігінің халықаралық шарттарды сараптау департаментінің директоры. 2013 – 2019 жылдары – ҚР Әділет министрінің орынбасары.

2019 жылдың қыркүйек айынан осы тағайындауға дейін Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметін атқарды.

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен (2007), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2012) мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

Ашық көздерден алынған фото

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар