Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жыл басынан бері Ақмола облысында 21 әкімшілік құқық бұзушылықты анықталды – Antikor - АРҚА АЖАРЫ

Жыл басынан бері Ақмола облысында 21 әкімшілік құқық бұзушылықты анықталды – Antikor

Осы материалдар бойынша 10 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Кінәлілердің басым бөлігі бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдауды (ҚР ӘҚБтК 681-бабы), сондай-ақ заңнамада кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға тыйым салу белгiленген адамдардың осындай қызметпен айналысуын көздейтін баптар бойынша тартылды (ҚР ӘҚБтК 154-бабы).

Мәселен, өңірдің квазимемлекеттік секторы ұйымдарының бірінің басшысы бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды ұйымның қызметкері ретінде жұмысқа қабылдады. Мұндай әрекеттер үшін ӘҚБтК-нің 681-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген. Нәтижесінде кінәліге 153 150 теңге сомасында айыппұл салынды. Айта кетейік, бұл факт туралы бей-жай қарамайтын тұрғыны облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне хабарлады. Кейін оған ақшалай сыйақы табысталды.

Сонымен қатар, заңсыз материалдық сыйақы алған аумақтық мемлекеттік органдардың бірінің қызметкеріне 1 286 460 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде жаза тағайындалды. Мемлекеттік қызметші сыйлық ретінде кәсіпкерден екі шырша алды. Бұл кәсіпкер кінәлі лауазымды тұлғаның қызметтік міндеттерін жүзеге асыруына байланысты оған тәуелді болды. ӘҚБтК-нің 677-бабына (мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаның не оған теңестiрiлген тұлғаның заңсыз материалдық сыйақы алуы) сәйкес мұндай әрекет заңсыз болып саналады.

Бұдан басқа, Кодекстің 680 (мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдамауы) және 676-баптары (жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруi) бойынша бірқатар әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды.

Айта кетейік, әкімшілік заңнамаға енгізілген түзетулерге сәйкес Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке 15 бап бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу құқығы берілген. Кейіннен соттар әкімшілік істерді қарайды. Мұндай тәжірибе неғұрлым ауыр сыбайлас жемқорлық көріністерінің уақтылы алдын алуға және мемлекетке келтірілген залалдың орнын толтыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар