Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақстандықтардың 10 пайызы ғана 5G желілік ғаламторын қолданады - АРҚА АЖАРЫ

Қазақстандықтардың 10 пайызы ғана 5G желілік ғаламторын қолданады

Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің телекоммуникация комитетінің төрағасы Ержан Мейрамов Орталық коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында хабарлады.

Оның сөзінше Қазақстанда 24 миллион абонент бар. Олардың 10 пайызы 5G жиынын қолданады.

– 2021 жылы Түркістанда желінің жылдамдығын тексеру мақсатында 5G желісінің пилоттық зонасы іске қосылды. Желі ешқандай мәселе тудырмай, жоғары жылдамдықпен жұмыс істегенін айта кету керек. Жыл сайын елімізде тарифтерді қолдану белсенділігі 20-30 пайызға артып отырады. Дегенмен, соңғы 3 жылда Қазақстанда тарифтердің бағасы өзгермеді. Қазіргі таңда 5G интернет желісін жүзеге асыруға 82 миллиард теңге жұмсалуда. Келесі жылы 5G желісін барша қазақстандық қолдана алады. Тіпті, елдімекендер мен ауылдық жерлерге де орнату қарастырылып жатыр,– деді «Кселл» АҚ Басқарма төрағасы Асхат Узбеков.

2023 жылдан бастап еліміздің барлық өңірінде 5G жоғары жылдамдықты интернет желісі қолжетімді болатынын және тарифтің бағасы әлі бекітілмегенін атап өтті.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар