2023 жылдың қаңтар айында ауа райы қандай болады?

Қазгидромет мамандары 2023 жылдың қаңтар айына ауа райы болжамын жасады.

Аталған мәлімет бойынша қаңтардың бірінші онкүндігінде Қазақстанда қарқынды Атлантикалық және Оңтүстік циклондардың әсерімен тұрақсыз ауа райы күтіледі. Республиканың солтүстік жартысында қалың қар жауып, бұрқасын болжанады, оңтүстіктің жартысында жауын-шашын, оңтүстік және шығыс аудандарында қатты жауын-шашын боуы ықтимал.

Республиканың оңтүстік-батыс жартысында тұман және көктайғақ күтіледі. Елдің басым бөлігінде желдің екпіні 15-20, кей желерде 23-28 метрге дейін жетеді. Республиканың басым бөлігінде ауа температурасы түнде -15-25°С-тан -3-12°С-қа дейін, күндіз -7-15°С-тан 0,-8°С-қа дейін болса, еліміздің оңтүстігі  мен оңтүстік-шығысында түнде -5-15°С-тан -5+2°С-қа дейін, күндіз 0,-8°С-тан +1+8°С-қа дейін ауытқиды деп болжануда.

Еліміздің батыс аудандарында ауа температурасы түнде -5+5°С-тан -15-25°С-қа дейін, күндіз -3+8°С-тан -10-20°С-қа дейін біртіндеп төмендеуі күтіледі. Бірінші онкүндіктің соңында Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы түнде -20-30°С-қа, күндіз -10-18°С-қа дейін, республикамыздың оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығысында түнде -10-20°С-қа, күндіз -5-15°С-қа дейін төмендеуі болжанады.

Консультативті болжамға сәйкес, 2023 жылдың қаңтар айының екінші және үшінші онкүндігінде Қазақстанның басым аумақтарында ауа райы жиі өзгереді, аязды күндер жылы күндермен ауысып, қарлы боран, бұрқасын және екпінді жел күтіледі. Еліміздің солтүстік жартысында күндіз -5+2°С-қа, оңтүстік жартысында және оңтүстік-батысында күндіз +2+12°С-қа дейін жоғарылайды. Ал, ауа температурасы республикамыздың солтүстік жартысы мен орталығында түнде -25-35°С-қа, күндіз -15-25°С-қа дейін, оңтүстік жартысында және оңтүстік-батысында түнде -12-22°С-қа, күндіз -3-15°С-қа дейін төмендейді.

Синоптиктер ауа райы жағдайдың өзгеруіне қарай түзетіліп, онкүндік пен 2-3 күндік ауа райы болжамымен нақтыланатынын еске салды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар