«Қазгидрометтің» мәліметінше, маусым айында Қазақстан Республикасы бойынша ауа райы әр қилы болады деп күтілуде.
Атмосфералық айналымның жазғы ерекшеліктері тұрақсыз ауа райының дамуына ықпал етеді, ол салқын және ыстық кезеңдердің алмасуымен, жаңбырмен, жекелеген күндері қатты жаңбыр және найзағаймен, бұршақпен, қатты желмен бірге жүреді. Кейбір күндері шаңды дауылдар болады.
Маусымның бірінші онкүндігінде жоғары температуралық фон әсерінен Қазақстанның барлық өңірлерінде жиі қысқа мерзімді найзағайлы жаңбыр жауады деп болжануда. Тек кейбір күндері тропикалық ауа массаларының орнына салқын атлантикалық ауаның алмасуымен ыстықтың бәсендеуі болады.
Бірінші онкүндікте республиканың батысында ауа температурасының түнде +17+22°С-тан +7+12°С-қа дейін, күндіз +27+32°С-тан +20+25°С-қа дейін төмендеуі күтіледі. Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай және Ұлытау облыстарында түнде +18+28°С-тан +12+23°С-қа дейін, күндіз +30+38°С-тан +20+30°С-қа дейін төмендеуі, бірақ онкүндіктің соңында күндіз температураның +25+32°С дейін көтерілуі болжанады.
Ал, солтүстік және орталық аймақтардың тұрғындарын бірінші онкүндіктің ортасында ыстықтың бәсеңдеуі күтеді, температура түнгі уақытта +10+15°С-тан, қиыр солтүстікте 7°С-тан +15+20°С-қа дейін ауытқуы ықтимал, күндіз +25+30°С-тан +18+25°С-қа дейін төмендейді.
Республиканың шығысында онкүндіктің көп бөлігінде температуралық фон түнде +10+15°С, оңтүстікте +20°С, күндіз +22+30°С шамасында болады.
Екінші онкүндіктің басында ауа температурасының шамалы төмендеуі күтілуде.
Еліміздің оңтүстігінде және Жамбыл облысында тіпті, түнгі уақытта да ыстық кезең күтіледі, термометрлердің көрсеткіштері +20+28°С-қа, күндіз +35+43°С-ке дейін жетеді, алайда бірінші онкүндіктің соңына қарай ауа температурасының күндіз +28+33°С-қа дейін шамалы төмендеуі күтілуде.
Республиканың оңтүстік-шығысында Алматы және Жетісу облыстарында ауа температурасының түнде +10+15°С-тан +15+20°С-қа дейін, күндіз +20+25°С-тан +30+35°С-қа дейін, таулы аудандарда түнде +2+7°С-тан +7+12°С дейін, күндіз +10+15°С-тан +20+25°С-қа дейін біртіндеп жоғарылауы болжанады. Онкүндіктің екінші жартысында күндіз +25+30°С күтіледі.
Маусымның екінші және үшінші онкүндігінде елдің батысы мен оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында ең ыстық күндерде ауа температурасы +33+40°С-ке дейін, қиыр оңтүстік-батыста, оңтүстікте +43°С-ке дейін көтеріліп, салқын күндерде +22+27°С-ке дейін төмендейді.
Елдің солтүстік жартысында, орталықта және шығыста ауа температурасының түнде +15+23°С-тан +2+10°С-қа дейін, күндіз +25+38°С-тан +15+27°С-қа дейін ауытқуы күтіледі.
![]()

