16 сәуір күнгі ауа райы болжамы

– 16 сәуірде ел аумағында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Солтүстікте, солтүстік-батыста – қар, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста – жаңбыр, найзағай, бұршақ жауады. Республика бойынша желдің күшеюі, тұман, солтүстікте, орталықта және шығыста – көктайғақ, бұрқасын, оңтүстік-батыста – шаңды дауыл болжанады. ҚазАқпарат бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.

Қостанай облысының оңтүстік жартысында және батысында, Абай облысының оңтүстігінде, күндіз Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел күшейеді. Күндіз екпіні 30 м/с және одан жоғары болады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар