Ақмолада боранда жолға шыққан мыңдаған авто полицияға ілесіп жүруге мәжбүр болды

— Ақмола облысында жолға шыққан 2600-ге жуық автокөлік полиция көлігіне ілесіп жүрді.

«Автокөлік кептелісіне байланысты жергілікті полиция қызметі басқармасының патрульдік полиция батальоны мен ротасының қызметкерлері жол қозғалысы қаупсіздігін қамтамасыз етті. Барлығы 11 колоннаға тізбектелген 2600-ге жуық автокөлік полицияға ілесіп жүрді, оның ішінде „Астана-Щучье“ бағытында 820 жеңіл және 179 жүк көлігі, „Қарағанды-Павлодар“ бағытындағы 1300 жеңіл және 365 жүк көлігі бар», — деді ведомстводан.

Айтуынша, қазіргі кезде қолайсыз ауа райына байланысты облыс аумағында 12 жол учаскесі жабылған.

Жол қозғалысы қаупсіздігін қамтамасыз етуге 109 полиция қызметкері және 59 патрульдік автокөлік жұмылдырылған.

Айта кетсек, бұдан бұрын Астанада боранға байланысты барлық қызмет түрі күшейтілген режимге көшкенін жазған едік.

Дереккөз:  kaz.inform.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар