Ақмола облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары – іс басқарушысы болып Құдабай Серік Кенесарыұлы тағайындалды

1982 жылы туған. Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін және Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы Сандықтау ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.

2005-2018 жылдары Сандықтау ауданы әкімінің аппаратында жұмыс істеді. Жетекші маман, бас маман, кейін бөлім бастығы және аудан әкімі аппаратының басшысы лауазымдарын атқарды.

2018-2019 жылдары облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің бас инспекторы болды.

2019-2021 жылдары Көкшетау қаласы әкімі аппаратының басшысы болды.

2021-2022 жылдары – Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары.

2022 жылдың ақпан айынан бастап облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

Дереккөз: www.gov.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар