Шахмат әлеміндегі жаңа есім

Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы – облыстық шахмат федерациясының жетекшісі  Бейбіт Жүсіпов шахматтан Қазақстан чемпионы Жанбота Қамарованы құттықтады.

Омбы қаласының тумасы 2022 жылдың қараша айында отбасымен бірге Көкшетауға көшіп келген. Төрт жасынан бастап шахматпен айналысады, 11 жасында спорт шеберіне үміткердің нормативін орындаған.

Жанбота Қамарова – Сібірдің бірнеше дүркін чемпионы. Өткен жылы олерлер арасында Ақмола облысының чемпионы атанды. Ал, ағымдағы жылдың қаңтар айында 18 жасар Жанбота «блиц» номинациясы бойынша әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатында алтын медальға, сондай-ақ, «классикалық» және «жылдам» шахматта екі күміс жүлдеге ие болды. Қазақстан шахмат федерациясы  Ақмола облыстық филиалының атқарушы директоры, халықаралық гроссмейстер Серік Темірбаев Жанбота Қамарованың алтын медалі Ақмола өңірі үшін үлкен жетістік екенін және оған  үлкен үміт артатынынатап өтті.

Өткен жылы облыстық шахмат федерациясының төрағасы болып сайланған Бейбіт Жүсіпов талантты шахматшыны жан-жақты қолдаудың маңыздылығын атап өтіп, Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың тапсырмасы бойынша Көкшетауда Шахмат үйін ашу туралы шешім қабылданғанын айтты. Осы мақсаттар үшін Қопа көлінің жағасындағы резиденция берілетін болды.

Жанбота Қамарова, оның анасы Күміс Қамарова және Серік Темірбаев, Қазақстанның барлық шахмат жұртшылығы бұл жаңалықты қуана қабылдағаны атап өтілді. Балықшылар үйі деп аталатын бұл ғимаратта Шахмат үйін ашу туралы облыс әкімі жақында өткен баспасөз мәслихатында хабарлаған болатын.

– Енді федерацияның, облыстық спорт басқармасының, сондай-ақ, барлық жаттықтырушылар құрамының міндеті  – Шахмат үйін тезірек ашуға, оны жабдықтауға және барлық жастағы ойыншылардың жаттығу сабақтарына жағдай жасалуына барынша күш салу. Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасы, – деді Бейбіт Айтымұлы.

Кездесуге қатысқан Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты, Жанботаға қолдау көрсетіп жүргеншахмат қозғалысының белсендісі Гүлайым Есенова Бейбіт Айтымұлына осы мәселеге назар аударғаны үшін алғысын білдіріп, соңғы уақытта өңірде шахматты дамытуда айтарлықтай ілгерілеушілікке қол жеткізіліп отырғанын атап өтті.

Мәслихат төрағасы Б.Жүсіпов Жанбота Қамароваға естелік сыйлықтар тапсырып, одан әрі жаңа жеңістер тіледі.

Қарлыға МҰХАТАЕВА,
Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар