«Болашақ – 2022» сыйлығы байқауының жеңімпаздары марапатталды

 «Балалар жылы» аясында «Болашақ» сарайында Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Бейбіт Жүсіповтың қатысуымен оқушылар сарайының білім алушылары арасында өткен «Болашақ  – 2022» сыйлығы байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты болып өтті.                                              

«Болашақ-2022» сыйлығы шарасы екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Білім ошағының әкімшілігі экология, спорт, өнер, IT және дебаттық қозғалыс салаларында үздік нәтижелер көрсеткен тәрбиеленушілердің жетістіктерін қорытындылап, оқушыларды ынталандыру мақсатында осындай байқау ұйымдастыруы құба-құп.

Оқушылар сарайының қысқа мерзім ішінде балалардың бос уақытын ұйымдастыратын жетекші орталыққа айналғаны қуантады. Бүгінде бұл жерде  үш мыңнан астам бала мен жастар тәрбие алуда. Олар қосымша білім алып қана қоймай, түрлі облыстық, республикалық, халықаралық конкурстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүр, – деп атап өтті өз сөзінде Бейбіт Жүсіпов.

Салтанатты шараға «Атамекен-Агро» акционерлік қоғамының персоналды басқару жөніндегі директоры Айжан Шаматова, байқау кеңесінің мүшелері қатысты. Ал, Ақмола облысы жастар ресурстық орталығының басшысы Мәнсия Есекеева, Көкшетау құрылыс-техникалық колледжінің директоры Ерлан Бегайдаров, «KOK SU KZ» серіктестігінің директоры Сәуле Қасымова үміткерлердің еңбектерін бағалап, байқауға қазылық етті.       Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, байқау кеңесінің мүшелері соңғы бір ай бойы «Болашақ» сарайының тәрбиеленушілері арасынан барлық кезеңдерден өткен, ақтық сынға жеткен ең ақылды, талантты, спорт, зияткерлік бағытының үздік балаларын таңдаған.

Үміткерлердің барлығы «Болашақ – 2022» сыйлығы марапатына лайық. Алайда доданың аты дода, жеңімпаздар анықталуы керек. Осыған орай, үлкен жауапкершілікпен, тәжірибемен, айқын мақсатпен жетістіктерге жете білген үміткерлер сахна төрінде марапатталады, – деп қосты ұйымдастырушылар.                                   

Іс-шараның ең негізгі және ең шешуші жарқын сәтінде Бейбіт Әйтімұлы «Болашақ – 2022» сыйлығының жеңімпазы атанған Болашақ сарайының тәрбиеленушісі Андрей Буторинді Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың атынан 300 мың теңгелік сертификатымен және арнайы статуэткамен марапаттады.

Қазақстан Республикасының «Жылдың үздік студенті», экология бойынша халықаралық олимпиаданың жеңімпазы Максим Ермоленко асық ату ойынынан Азия және Әлем чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, республикалық «Алтын тұғыр» сыйлығының иегері Айлана Думан, Димаш Құдайбергеннің «Бақытты бала» ІV Халықаралық байқауы жобасының қатысушысы, вокалист Амина Жапар, білімге құмар, қабілетті, креативтік ойлаудың, пікірталас алаңының шебері Алдияр Нұрланұлы 100 мың ақшалай сертификаттарына ие болды.

                                                              «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Суретте: іс-шарадан көрініс.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар