Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Денсаулық сақтау саласы  87 дәрігермен толықты - АРҚА АЖАРЫ

Денсаулық сақтау саласы  87 дәрігермен толықты

Ақмола облысының медициналық ұйымдарына 87 жас маман жұмысқа орналасты. Десе де, аймақта әлі  240-тан астам дәрігер маманы тапшы. Медициналық кадрлардың тапшылығы мәселесі қалай шешіледі? Дәрігер мамандарының тапшылығын азайтуға бола ма? Бұл туралы өнірлік коммуникациялар қызметінің ақпарттық алаңында өткен брифингте айтылды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының жаңадан тағайындалған басшысы Нұрлан Ахилбеков атап өткеніндей, жыл сайын медицина саласына 300-ге жуық грант бөлінеді, оның ішінде резидентурада оқуға 35 грант, «Жалпы медицина» мамандығы бойынша оқуға 50 грант, орта буын медицина қызметкерлеріне 190 грант. Орта буын мамандарын даярлауды және қайта даярлауды өңірді 8 мамандық бойынша медбикелерімен, фельдшерлермен қамтамасыз ететін Көкшетау жоғары медициналық колледжі жүзеге асырады. Онда жылына 200-ге жуық жас маман даярланады.

–Қазір Ш.Уәлиханов атындағы  Көкшетау университетінде 740 студент оқиды, оның ішінде Ақмола облысы әкімінің гранттары есебінен 200 студент білім алып жүр. Жалпы, биыл облысқа 87 жас дәрігер келді. Оларды ынталандыру үшін бірқатар шаралар қабылдануда. Мысалы, биылғы жылы жас мамандарға көтерме төлемдердің аудандық және облыстық маңызы бар қалалар үшін 1,5 миллион теңгеге дейін және ауылдық жерлерде 2,5 миллион теңгеге дейін ұлғайтылғанын атап өтуге болады. Бүгінгі таңда 32 миллион теңге сомасына 17 маман қаражат алды, қалғандары бойынша комиссия отырысы өткізілуде. Қазір дәрігерлік персоналда орташа жалақының 30 пайызға, орта медициналық персоналда 20 пайызға және кіші персоналда 15 пайызға өсуі байқалды. Өсімді ескере отырып, дәрігердің орташа айлық жалақысы 410 мың теңгені, орта медициналық персонал 239 мың теңгені құрады, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Ахилбеков.

Сонымен қатар, ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін медицина қызметкерлері үшін «Дипломмен – ауылға!» жобасы аясында қолдау көрсетіледі. Қолдаудың осы түрі бойынша 75 медицина қызметкері жалпы сомасы 22,9 миллион теңгеге көтерме қаражат алды. Тұрғын үй алуға берілген жалпы сомасы 242,9 миллион теңге несиені  54 адам пайдалану мүмкіндігіне ие болды.

Камила ӘБДЕЛМАНОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар