38 денсаулық сақтау нысанының құрылысы басталмақшы

 Облыста алдағы екі жылда 38 денсаулық сақтау нысанының құрылысы басталмақ. Жаңа нысандардың шалғайдағы шағын ауылдарда салынуы ауыл тұрғындарының үміт отын лаулатып отыр.

Денсаулық сақтау министрлігі «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын әзірледі. Жобаның мақсаты – барлық ауылдық елді мекендерді бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарымен қамтамасыз ету, сондай-ақ ауыл халқына шұғыл медициналық көмек көрсету тиімділігін арттыру есебінен қалалық және ауылдық денсаулық сақтау арасындағы теңгерімсіздікті қысқарту.Жоба мынандай негізгі міндеттерді шешуді көздейді. Ауылдарда жетіспейтін медициналық пункттер, фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар сияқты нысандарды салу.

Алдағы екі жылда облыстың 14 ауданында 38 денсаулық сақтау нысанының құрылысы басталмақ. Осындай игілікті істің арқасында ұзын-ырғасы жүзге жуық ауыл тұрғындары сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек ала алады. Сонымен бірге, Атбасар және Бұланды аудандарындағы ауруханалар жөндеуден өткізіліп, материалдық-техникалық базасы жаңғыртылмақ.

Шалғайдағышағын ауылдардағы медициналық мекемелердің кадрға тапшы екендігі белгілі. Бүгінде бұл келеңсіздік жою бағытында қыруар шаруа қолға алынуда. Жас мамандарға бір реттік көтерме жәрдемақы төленіп,  тұрғын үй алу үшін несие беріледі. Жыл сайын жоғары оқу орнында келісім-шарт арқылы оқитын студенттерге гранттар да тағайындалуда. Тіпті, оқу үлгерімі жақсы студенттерге шәкіртақы төлеу де қарастырылған. Ең бастысы, жоғары оқу орнының түлектері облыстағы медициналық ұйымдарда кемінде үш жыл еңбек етуге тиісті.

–Ауылда еңбек ететін жас мамандарға 2,5 миллион теңге, қалада жұмысқа тұрғандарға 1,5 миллион теңгеге дейін жәрдемақы төленеді, – дейді облыс әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова, – жыл сайын резидентурада оқитын студенттерге 35, «Жалпы медицина» факультетінде білім алатындарға 50, орта буын медицина мамандарына 190 грант бөлінеді. Мұның барлығы облыстық бюджет есебінен жүзеге асырылады.

Бір айта кетерлігі, мұндай жанашырлық көмек  медицина қызметкерлеріне ғана емес, барлық жас мамандарға көрсетіледі. Үстіміздегі жылы «Дипломмен – ауылға!» бағдарамасы аясында 539 көтерме жәрдемақы төленіп, жылдық мөлшерлемесі төмен 262 несие берілді. Оған бюджеттен 1,5 миллиард теңге қаражат бөлінді. Тағы бір айта кетерлігі, «Бизнестің жол картасы-2025» жобасы шеңберінде 9 кәсіпкерге грант бөлінді. Бюджеттен бұл мақсатқа 40 миллион теңге қаражат қарастырылды. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан студенттерге де облыс әкімінің гранты беріліп отыр. Осындай көмектің арқасында үстіміздегі жылы 200 жас жоғары оқу орындарында тегін оқып жатыр.

Жанды жанашырлықтың арқасында жалпы медицина, оның ішінде ауылдағы жағдай көп-көрім жақсарып қалмақ.

Б.КӨБЕЕВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар