Елімізде ауа райының қолайсыздығына байланысты 109 жол учаскесі жабылды

– Елімізде ауа райының нашарлауына байланысты (бұрқасын, жолдың дұрыс көрінбеуі, көктайғақ) 106 жол учаскесі жабылды, оның 41-ы республикалық, 69-ы облыстық маңызы бар жолдар, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, жолдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық штаб құрылды, осындай штабтар өңірлерде де жұмыс істейді.

Бақылау бекеттерінде 600 көлік жиналып қалған.

Тәулік ішінде құтқару бөлімшелері 695 адамды құтқарып, эвакуациялады. Соның ішінде 137 бала (Жамбыл, Түркістан, Қостанай, Қарағанды және Абай) бар, 146 техника қар құрсауынан шығарылды.

Тұрғындарды эвакуациялау үшін жолдардың жабық учаскелерінде 846 уақытша жылыту пункті ұйымдастырылған, сонымен қатар 99 техника (Вахтовка және Кунг) дайын тұр.

Уақытша жылыту орындарында 171 адам болса, оның ішінде 4 бала (Жамбыл, Абай, Ақмола, Қостанай, Павлодар облысы).

Тұрғындарды ескерту мақсатында ауа райының қолайсыздығы туралы 232 смс хабарлама, «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы 71 хабарлама жіберілген.

Құтқару жұмыстарына барлығы 1000-нан аса адам мен Төтенше жағдайлар министрлігі, жергілікті атқарушы органдардың және Ішкі істер министрлігінің 600-ге жуық техника бірлігі жұмылдырылған.

Жол қызметі жолды тазарту жұмыстарын жалғастыруда.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар