Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
АҚШ-тың Орталық Азиядағы сыртқы саясатының негізгі бағыттары - АРҚА АЖАРЫ

АҚШ-тың Орталық Азиядағы сыртқы саясатының негізгі бағыттары

– АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Нед Прайс брифинг барысында Американың Орталық Азиядағы сыртқы саясатының 2023 жылғы негізгі бағыттары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Сыртқы саясат ведомствосының өкілі Америка Орталық Азия елдеріне сенімді серіктес болуға ұмтылады және Орталық Азия мемлекеттерінің тәуелсіздігін, егемендігі және аумағының біртұтас болуын қолдауды жалғастыратынын атап өтті.

Америка тарапы 7 жылдан астам уақыт бұрын C5+1 дипломатиялық платформасын іске қосты, мұндай форматтағы серіктестік өңір үшін және өңір сыртында да тиімді әрі тұрақты шешімдерге әкеледі. Нед Прайстың айтуынша, қазіргі уақытта Орта Азия ең қуатты жағдайында, себебі үкімет аймақтық және жаһандық мәселелерді ұжымдаса шешеді, ал бұл қазір бұрынғыдан да өзекті болып тұр.

Экономикалық тұрғыда АҚШ бұрынғыша аймаққа инвестиция құяды және әріптестерімен жұмысқа қызығушылық танытады. Оған дәлел Орталық Азия әлеуетін көтеруге, жаңа сауда бағыттарын кеңейту және аймақтағы жеке секторды нығайтуға 25 млн доллардың бөлінуі.

Сондай-ақ, серіктестермен іскерлік және экономикалық байланыстар, кәсіптік алмасу, білім беру және ағылшын тілін меңгеру, денсаулық сақтау, ядролық қаруды таратпау және қауіпсіздік, тәуелсіз азаматтық қоғам мен БАҚ әлеуетін арттыру, өңірлік сауда мен энергетикалық қауіпсіздікті нығайту саласындағы көптеген өңірлік және екіжақты бағдарламалар бойынша ынтымақтастық жүзеге асырылады.

Орталық Азия үкіметтерімен және халықтарымен ынтымақтастық, сондай-ақ олардың өзара іс-қимылы Орталық Азияның өркендеуі мен тұрақтылығына ықпал ететін іргетас және бұл шынымен де АҚШ-тың аймаққа деген сыртқы саяси көзқарасына негіз болады.

Суретті «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі түсірді

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар