Ақмолалық педагогтар «Алтын тұғыр» республикалық математикалық олимпиадасының жүлдегерлері атанды

Астана қаласында ҚР Білім министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы ұйымдастырған бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңі аяқталды.

Олимпиада қорытындысы бойынша сегіз педагог ұсынған Ақмола облысы төрт жүлделі орынға ие болды.

1. Шынаргүл Құсайынова Көкшетау қаласының №19 жалпы орта білім беретін мектебі, бастауыш сынып мұғалімі – ІII дәрежелі диплом;
2. Нұргүл Есентаева Көкшетау қаласының Сәкен Жүнісов атындағы №18 мектеп – лицейі, бастауыш сынып мұғалімі – ІII дәрежелі диплом;
3. Гүлбаршын Оспанова Бұланды ауданы, Никольск №2 жалпы орта білім беретін мектебі, бастауыш сынып мұғалімі – ІII дәрежелі диплом;
4. Клара Мұхамет Аршалы ауданы, Сары-Оба ауылының №2 жалпы білім беретін мектебі, бастауыш сынып мұғалімі – ІII дәрежелі диплом.

Барлық қатысушылар қатысқаны үшін сертификаттармен марапатталды.
«Өткізілген олимпиада барысында педагогтар комбинаторлық логикалық есептерді шешу арқылы өз тәжірибелерін жетілдірді, жаңа тәсілдерді қолдану дағдыларын дамытып, педагогикалық шеберліктерін арттырды»,- деп ұйымдастырушылар атап өтті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар