Бүгін 6 облыстағы күре жолдардың 16 бөлігі ашылды

 «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы бүгін таңғы сағат 8.00-ден бастап ашылған күре жолдардың тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарағанды облысында:

«Қызылорда-Павлодар» тасжолының Қарағанды қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейінгі аралығы;

»Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» тасжолының Қарағанды қаласынан Ботақара кентіне дейінгі аралығы;

«Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара» тасжолының Павлодар облысының шекарасынан Ботақара кентіне дейінгі аралығы;

«Бастау-Ақтау-Теміртау» тасжолының Бастау ауылынан Теміртау қаласына дейін.

Ұлытау облысында:

«Жезқазған-Петропавл» тасжолының Жезді ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейінгі аралығы;

Павлодар облысында:

«Қызылорда-Павлодар» тасжолының Қарағанды облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейінгі аралығы;

«Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара» тасжолының Баянауыл ауылынан Қарағанды облысының шекарасына дейін;

Қостанай облысында:

«Жезқазған-Петропавл«тасжолының Ұлытау облысының шекарасынан Арқалық қаласына дейінгі аралығы ашық.

Ақмола облысында:

«Жезқазған-Петропавл» тасжолының Қостанай облысының шекарасынан Державинск қаласына дейін;

«Жезқазған-Петропавл» тасжолының Державинск қаласынан Сурган ауылына дейін;

«Қостанай-Әулиекөл-Сурган» тасжолының Қостанай облысы шекарасынан Сурган ауылына дейін;

«Екатеринбург-Алматы» тасжолының Жақсы ауылынан Атбасар қаласына дейін;

«Жақсы-Есіл-Бузулук» тасжолының Жақсы ауылынан Бузулук ауылына дейінгі аралық.

Абай облысы:

«Омбы-Майқапшағай» тасжолының Павлодар облысының шекарасынан Семей қаласына дейінгі аралығы;

«Өскемен-Семей» тасжолының Герасимовка (ШҚО) ауылынан Семей қаласына дейін (Абай обл.)

Павлодар облысы:

«Омбы-Майқапшағай» тасжолының Кенжекөл ауылынан Абай облысының шекарасына дейінгі аралығы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар