Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақылды аялдама - АРҚА АЖАРЫ

Ақылды аялдама

Толғауы тоқсан тіршіліктің түйткілді түйіні  тарқатылатын ақпарат жалпақ жұрттың қаперінде жүргені жақсы. Таяуда Атбасар қаласының М.Әуезов көшесінде ақылды аялдама пайдалануға берілді.

Бұл аялдама қала тұрғындарына негізінен өрт қауіпсіздігі ережелерін еске салып тұрмақ. Себебі, осынау шетін мәселе соңғы уақытта тіпті өршіп тұр. Тілсіз жаудың зардабын материалдық игілік қана тартып қоймай, адам өміріне, денсаулығына байланысты өкінішті оқиғалар да орын алуда. Демек, бұл  тараптағы сақтық шараларын күшейткен жөн. Дана халқымыз «сақтансаң сау боласың» дейтін уәжді тегін айтты дейсіз бе?!

Ақылды аялдаманың ашылу салтанатында осылайша талаптанып, ақпараттық көмек беру қолға алынып жатқаны да айтылды. Жалғыз өрт қана емес, қауіп-қатері мол қысқы жол,  көктемгі су  тасқыны кезінде адамдардың қалай әрекет ету керек екендігі тәптіштеп жазылған. Аң, балық аулау маусымында қауіпсіздік ережелерін қалай сақтау керек екендігі де айтылған. Айтпақшы, бұл стендтер жылдың әр маусымына байланысты жаңартылып отырылмақ.  Негізгі мақсат жөнінде Атбасар аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Ерболат Әшкенов таратып айтып берді.

Өңірде дәл осындай ақпарат тарату мүйісі Бурабай ауданының Щучинск қаласында өрт сөндіру автокөлігі үлгісінде орнатылған болатын. Бұрын-соңды көзге ұшыраса қоймаған жаңалыққа елеңдеген қала тұрғындары әншейінде бос тұратын аялдама қабырғаларына жазылған ақыл-кеңесті оқып, жадыларына тоқуда. Несі бар, осындай шаруаның септігі жүздің біріне тиіп жатса да тиімді емес пе?!

Байқал БАЙӘДІЛОВ.

Атбасар ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар