Жас боксшылар үшін шеберлік баспалдағы

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев белгілі былғары қолғап шебері, жерлесіміз Мереке Жүсіповтің құрметіне өткен бокстан жасөспірімдер арасындағы республикалық турнир жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысып, құттықтау сөз сөйледі, жүлделер тапсырып, спортта жетістіктер тіледі.   

Қоян-қолтық жекпе-жектен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы және бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Мереке Жүсіповке арналған бұл турнир биыл 19-шы рет ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өтті. Жас спортшылар үшін маңызы зор бұл сайыс оның туған жері – Көкшетау қаласының іргесіндегі Краснояр ауылында өтті.

Турнирдің негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, жасөспірімдер мен жастар арасында боксқа деген қызығушылықты оятып, спорттық біліктілікті арттыру. Төрт күн бойы жас боксшылар күш, ептілік және жеңіске деген ерік-жігерін көрсетіп, тартысты жекпе-жектерде аянбады. Жарыста еліміздің түкпір-түкпірінен келген 230-ға жуық жас өрен бақтарын сынады.

Балалар бокстың жақсы дайындығы мен сауатты техникасын көрсете білді. Жеңіске деген ерік-жігер, табандылық пен төзімділік көрермен көңілінен шықты. Төрешілер жас спортшыларды қатаң бағалап, олардың тактикасын, техникасы мен тәртібін ерекше атап өтті. Ақтық жекпе-жектердің бірін облыс әкімі Ермек Маржықпаев та тамашалап, топ жарған үздік боксшыларды марапаттады. Турнирге қатысушыларға, сондай-ақ, ел атын шығарған Мереке Жүсіповке алғысын білдірді.

–Жыл сайын өтетін дәстүрлі бокс турнирі салауатты өмір салтын ұстануға шақырады және жаңа таланттарды анықтауға, болашақ чемпиондарды тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Жыл сайын осы жарыстарға қатысушылар саны артып, оның географиясы да кеңейіп келеді. Бүгін Ресей Федерациясынан команда келгені бізді қатты қуантты. Біздің облыста бокс өте қарқынды дамып келеді. Жерлестеріміз жыл сайын халықаралық турнирлерде табысқа жетіп, ел қоржынын жүлделермен толтыруда. Өңірде бокспен 2 мыңнан астам адам айналысады, 17 спорт мектебінде 60-қа жуық жаттықтырушы жұмыс істейді, – деді жас кезінде өзі де бокспен шұғылданған өңір басшысы Ермек Маржықпаев құттықтау сөзінде.

63 келі салмақ дәрежесінде бірінші орынды Краснояр ауылынан Ерназар Қалам иеленді. Ал, Маңғыстау облысынан келген Нұрбек Абдурахман 30 келі салмақта чемпион атанса, Көкшетау қаласының намысын қорғаған Альтаир Сабыржан екінші орынға ие болды. 32 келі салмақ дәрежесінде екібастұздық Саят Маратов жеңіске жетті, Көкшетау бокс мектебінің тәрбиеленушісі Әли Ғабдулов жүлделі екінші орынды иеленді.

–Мен турнирге өте мұқият және жүйелі түрде дайындалдым. Жерлестерімнің алдында одан сайын жігерлене түстім, өйткені, олар әрбір жекпе-жегімді мұқият қадағалап, қолдау көрсетеді. Сол сенім мен қолдаудың арқасында осындай нәтижеге қол жеткіздім деп ойлаймын. Соңғы жекпе-жекте Петропавлдан келген қарсыласымды жеңіп, чемпион атандым. Бұл тек бастамасығана, алда әлі талай жауапты жарыстар күтіп тұр, – деді Ерназар Қалам.

Көкшетаулық жанкүйерлерге Мереке Жүсіповтің есімі 90-шы жылдардан бері белгілі. Сол кезден-ақ Ақмола бокс мектебі тәрбиеленушісінің жұлдызы жарқырай бастады. Жас кезінен еліміздің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қуанышбек Қоқышевтың тәлімгерлігімен Қазақ КСР чемпионы атанып, одақтық жарыстарға қатысқан республика құрамасына қабылданды. 1987 жылы Донецк қаласында өткен Кеңес Одағы кубогында күміс жүлдегер атанды. Содан кейін бокстан КСРО-ның бас бапкері Константин Копцев оны еліміздің жастар құрамасына шақырды. 1989 жылы ол Одақтың ересектер командасына қабылданып, төрт жыл бойы бокс аренасында талай белестерді бағындырды. Сөйтіп, 20 жасында КСРО чемпионаты мен Кеңес Одағы кубогының қола жүлдесін еншіледі. Кейін КСРО чемпионатының және 1991 жылы КСРО халықтары спартакиадасының күміс жүлдегері атанды. Келесіжылы ТМД Кубогы мен чемпионатындатағы да вице-чемпион болды. Оның Қырғызстан, Ресей, Тунис, Финляндиядағыхалықаралықбокс турнирлеріне қатысуы да сәттіболды, ондаолбірнешеретжеңіс тұғырына көтерілді. Қазақстан Қорғаныс министрлігінің спорттық ротасында қызмет атқарып жүргенінде Мереке Ертайұлы Болгариядағы Достастық армиялары спартакиадасының қола жүлдегері және кикбоксингтен ТМД чемпионы болды.

Кейін Мереке Жүсіпов ұзақ жылдар бойы ІІМ, ТЖМ және Қорғаныс министрлігінде қызмет етіп, полковник әскери атағына ие болды. Осы уақытішіндеолқоян-қолтықұрыстанҚазақстанұлттыққұрамасының бас бапкеріболыпжұмысістеді. Оның шәкірттері бірнеше рет Әлем чемпионатының, Азия және Еуропа сайыстарының жүлдегерлері мен жеңімпаздары атанды. Мереке Ертайұлы қоғамдық қызметте де жетістікке жетті. 2021 жылыол 7-ші шақырылған Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды. Спорт саласындағы және ел тәуелсіздігін нығайтудағы елеулі еңбегі үшін мемлекетіміздің жоғары наградасы – «Құрмет» орденімен марапатталды. Облыс әкімінің даңқты спортшыға арналған турнир жеңімпаздарын марапаттау салтанатына қатысып, құттықтау сөз сөйлеуі оның осы еңбегіне берілген жоғары баға.

Камила ӘБДЕЛМАНОВА.

Суреттерді түсіргенАйбек ДАНИЯРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар