Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Заңды жақсы білген тұтынушы сауда жасаушыларға алданбайды - АРҚА АЖАРЫ

Заңды жақсы білген тұтынушы сауда жасаушыларға алданбайды

Әр тұтынушы сапалы тауар алып,  қызмет  көрсету деңгейінің жоғары болуынан үмітті.  Алайда, алаяқтар көбейген біздің заманда бұл әрдайым мүмкін бола бермейді. Бұл ретте кәсіпкерлер ақшаны өз еркімен қайтаруға немесе тауарды ауыстыруға келісе бермейтіні мәлім. Нәтижесінде біздің азаматтар құзыретті органдардың көмегіне жүгінуге  мәжбүр.

–Мәселен, өткен 2022 жылы облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне 960 өтініш келіп түскен, бұл 2021 жылға қарағанда екі есе көп, – деді Светлана Занегина өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте. –Тұтынушылар көбіне шағын бизнес санатындағы сауда саласында құқықтарының бұзылғанын мәлімдеді. Бұл жалпы көрсеткіштің 58,1  пайызын құрайды.  Департамент қызметкерлерінің аздығына, бүкіл аймаққа бар болғаны 2 адам қарастырылғанына қарамастан, бірде-бір шағымды назардан тыс қалдырмаймыз. Мысалы, 960 шағымның  675-і қанағаттандырылды, 261 өтініш бойынша түсініктемелер берілді, нәтижесінде тұтынушыларға 32 миллион теңге қайтарылды, ал, 128 тұтынушы сауатты жасалған шағымның көмегімен сапасыз тауарды айырбастау мүмкіндігіне ие болды.

Бақылау-қадағалау функциялары шеңберінде 10 бизнес субъектісіне жоспардан тыс 12 рет тексеру жұмыстары жүргізілді. Барлық субъектіге ұйғарымдар енгізіліп, әкімшілік жазалар қолданылды. Оның 11-і ескерту түрінде, сондай-ақ, бір айыппұл салынған. Бұлар тұтынушылардың шағымына жауап беру мерзімдерін бұзғаны және сатып алған сәттен бастап 14 күн ішінде тауарды қайтарудан бас тартқаны үшін бекітілген жаза түрлері.

–Бұл тұста басты проблемалардың бірі – халықтың  тұтынушылық сауаттылығының төмендігі, оның ішінде өз құқықтары туралы білмеу. Көп  адам заңдарды қолжетімді тілде түсіндіру үшін біздің көмекке жүгініп жатады,– деп толықтырды басшы.

Департамент өткен жылы ақпараттық-түсіндіру сипатындағы 331 шара өткізген. Тұтынушыларға ыңғайлы Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде департаменттің өз аккаунттары да бар. Онда тұтынушылық дауларды шешу мысалдарын келтіре отырып, түсіндірме сипатындағы 2273 материал жарияланған. Кез-келген даулы жағдайда бизнес субъектісіне жазбаша талап қою керек деп толықтырды сөзін маман.

–Мәселен, 2022 жылы 55 тұтынушы тиісті емес сападағы тауарлар үшін wildberries интернет-дүкенінен қаражатын қайтаруға жәрдемдесу туралы өтініш жасады. Департаменттің интернет-дүкен өкілдерімен жүргізген жұмысының нәтижесінде барлық тұтынушыға жалпы сомасы 1407,2 мың теңге ақша қайтарылды,– деді одан әрі Светлана Занегина.

Ол департамент үнемі халыққа көмек көрсетіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізуге дайын екенін айтты. Сөзінің соныңда халықты барынша абай болуға және құқықтық сауаттылықты арттыруға шақырды.

Камила Әбделманова.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар