Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жиырма тоғыз жерде шомылу рәсімі өтеді - АРҚА АЖАРЫ

Жиырма тоғыз жерде шомылу рәсімі өтеді

Ақмола облысында дәстүрлі Православие мерекесінде суға шомылуға арналған 29 ресми орын дайындалды. Жергілікті және төтенше жағдайлар органдары тұрғындардың қауіпсіздігі үшін барлық қажетті шараларды қарастырды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифинге айтылды.

Соңғы 5 жылдағы статистика көрсеткеніндей, Ақмола облысының су айдындарында жыл сайын 18 мыңнан астам адам, Көкшетау қаласы бойынша 5 мыңнан астам адам Православие мерекесінде шомылады.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және күтпеген жағдайлар мен жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін православиелік мерекені қауіпсіз өткізу жөніндегі іс-шаралар кешені пысықталды. Бурабай көлдері, Зеренді көлі және Зеренді аудандарының Красный Кордон селосының жағалау аймақтарында және облыстың басқа өңірлерінде орналасқан демалыс аймақтары мен санаторийлер әкімшіліктерінің өкілдерімен шомылу орындарын ұйымдастыру бойынша жұмыстар жасалуда.

–Жергілікті органдар шомылу орындарын анықтайды, сондай-ақ, жұртшылықпен бірлесіп арнайы шұңқырларды жасайды, діни қызметкерлер суды жарықтандырады. Жергілікті полиция қызметі құқықтық тәртіпті қамтамасыз етеді, медицина қызметкерлері шомылушы қауымның денсаулығын бақылайды, төтенше жағдайлар департаменті сүңгу процесінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, – деді облыстық төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Асхат Ақылжанов.

Қазір облыс бойынша жергілікті атқарушы органдармен 29 шомылуға арналған ресми орын анықталды. Сонымен қатар, Степногорск, Қосшы қалаларында, сондай-ақ, Қорғалжын ауданында шомылу жоспарланбайды. Аталған күндері облыстық және аудандық орталықтарда, сондай-ақ Қопа, Зеренді  және Бурабайдың 4 көлінде, неғұрлым жаппай шомылу орындарында департамент күштерімен құқықтық тәртіп, денсаулық сақтау органдарымен және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және шомылуға қатысушыларға уақтылы медициналық көмек көрсету бойынша тәулік бойы күшейтілген кезекшілік жүзеге асырылатын болады.

–Облыс бойынша жоғарыда аталған іс-шараларды өткізу орындарына төтенше жағдайлар департаментінен 167 адам және 60 техника, денсаулық сақтау басқармасынан 34 жедел жәрдем көлігі мен 82 медицина қызметкері жұмылдырылады. Төтенше жағдайлар департаменті, жергілікті атқарушы және басқа да мүдделі органдар шомылушылар үшін жылыту және киім ауыстыру пункттері ретінде вахталық автомобильдерді, автобустарды және басқа да техниканы, сондай-ақ, шатырларды қоюды жоспарлауда, бұл шамамен 42 пункт, –деп толықтырды Асхат Ақылжанов.

Сондай-ақ, өңір тұрғындарына тиісті түрде жабдықталмаған ойықтарды өз бетінше ұйымдастыру кезіндегі жауапкершілік жөнінде еске салынды. Бұл туралы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 364-бабы бойынша жаза қарастырылған.

Ақмола және Көкшетау архиепископы Серапион Сергей Колосницин шомылу рәсімінің негізгі ережелері туралы айтып берді.

–Бұл күні дұға арқылы осындай сулардың барлығы  қасиетті болады. Егер денсаулығы  жарамаса және сол жерде шомыла алмаса, ондай адам үйде душқа кіріп, тропарды оқи отырып, өзін қасиетті сумен себездей алады,–деді ол.

Сондай-ақ, бұл мерекеде әр адам өзі үшін жауап беруі қажеттігі, мас күйінде суға шомылудың еш жақсылығы болмайтыны қатаң ескертілді.

Камила ӘБДЕЛМАНОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар