Әлемдік байқауда Гран-при жеңіп алды

 15 жастағы қазақстандық әнші Ержан Максим WAF CONTEST әлемдік байқауының гран-приін жеңіп алды. Бұл туралы жас өнерпаз Instagram парақшасында мәлімдеді.

– Ал, Қазақ елі, жеңіс құтты болсын! Ең әуелі Аллаға шүкіршілік айтамын және бар дұға тілектерін жаудырып жатқан еліме, ҚазҰУ ұжымына және ректор Айман Қожабекқызы Мұсаходжаеваға ерекше алғысымды білдіремін. Сонымен қатар, осы Македония елінің құрметті азаматы, WAF президенті Мариан Катароски мырзаға алғысымды айтамын, – деп жазды Ержан Максим.

«WAF AWARDS» премиясы марапатына әлемнің түкпір-түкпірінен 12 бала таңдалған. Олардың ішінде қазақстандық Ержан Максим де бар.

«16 елден 32 конкурсқа қатысушы бала келді, мен басында конкурсқа қатысамын деп ойлаған жоқпын, бірақ, Мариян Катароски мырза «Конкурсқа қатысып, бағыңды сынап көрсеңші» деп қолқа салды, мен көп ойланбай келісімімді бердім. Мінеки, нәтижесін көріп отырсыздар», – деп жазған ол.

Ержан Максим Орал қаласында дүниеге келген. Бірінші арнадағы «Голос. Дети» тележобасына, сондай-ақ, көптеген отандық және шетелдік вокалдық байқауларға қатысып, жүлделі орындар иеленген.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар