Ақмола облысының ішкі саясат басқармасына жаңа басшысы тағайындалды

– Ақмола облысы әкімінің өкімімен Алмас Аянұлы Алин Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алмас Аянұлы 1977 жылы туған. 1999 жылы Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін «көркем еңбек мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген. 2008 жылы «Болашақ» Қарағанды университеті жеке мекемесінен «экономика» мамандығы бойынша білім алып шығады.

Еңбек жолын Сәтбаев қаласы орта мектебінің мұғалімі лауазымынан бастаған. Бірнеше жылдар бойы түрлі басқарушылық қызметтерде еңбек етті.

Айта кетейік, бұған дейін Алмаз Аянұлы Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімінің орынбасары лауазымын атқарған.

Еске сала кетсек, Талғат Жүнісов алдын ала қорытынды бойынша Ақмола облысынан Сенат депутаты болады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар