Адам көп жиналатын жерлерде маска тағуға кеңес береміз – бас санитар

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Республикамызда коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Соңғы екі аптада сырқаттанудың төмендегені байқалады. Тәулігіне COVID-19-ға ПТР-дің оң нәтижесімен 120 жағдайға дейін және COVID-19-ға ПТР-дің теріс нәтижесімен 10 жағдайға дейін тіркеліп отыр. Алдыңғы аптамен салыстырғанда соңғы аптада сыртқаттану көрсеткіші 1,7 есе төмендеді», – деді ол Орталық сайлау комиссиясы отырысында.

Вице-министрдің атап өтуінше, эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, республика және барлық өңірлер жасыл аймақта тұр.

Сонымен қатар, 7 өңірде (Шымкент қаласы, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау облыстары) R көрсеткіші бірден жоғары.

«Осыған байланысты бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысына сәйкес R көрсеткіші бірден жоғары болған кезде адам көп жиналатын орындарда маска тағу ұсынылатынын еске саламын», – деді Айжан Есмағамбетова.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар