– Мәжіліс сайлауында 12 млн-ға жуық азамат таңдау жасайды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Конститантин Петров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Биылғы 1 қаңтар және былтырғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясы сайлаушылардың тізімін жасайды. Оған белсенді сайлау құқығы бар азаматтар тұрақты тіркелген жері бойынша қосылады. Әрбір сайлау науқанында азаматтардың тұрақты тіркелген жері және дауыс бергісі келетін учаскелеріне өтінім беру мүмкіндігі ескеріле отырып, сайлаушылардың тізімі жеке түзіледі», — деді ол Орталық сайлау комиссиясының отырысында.
Оның атап өтуінше, Орталық сайлау комиссиясы 2023 жылғы 1 қаңтардағы мәліметке сәйкес сайлаушылардың тізімін жинақтады.
«Оған алдын ала тұрғылықты жері бойынша бөлінген 11 970 406 сайлаушы кірді. Сайлаушылардың ең көбі – 1 177 507 сайлаушы Түркістан облысында, ал ең азы – 138 277 сайлаушы Ұлтыау облысында тіркелді», — деді Константин Петров.