Ақмолалық палуандар грек-рим күресінен республикалық турнирде үздік нәтиже көрсетті

Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Павлодар қаласында грек-рим күресінен республикалық турнир өтті. Боз кілемге Өзбекстан, Ресей және Қазақстаннан барлығы 450 палуан шықты.

Ақмола облысынан Жақсы ауданындағы Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінің және Бөгенбай батыр атындағы облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат колледжінің тәрбиеленушілері бақ сынады. Оның ішінде 68 келі салмақ дәрежесінде Ислам Ғасымов чемпион атанса, Елжан Дидарұлы (62 кг) және Дастан Келдеш (35 кг) үшінші орын алды.

Жас палуандар Артем Савицкий және Ержан Мәдиевтің жетекшілігімен жаттығады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар