Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Парламент Мәжілісінің депутаттарына қойылатын талаптар қандай? - АРҚА АЖАРЫ

Парламент Мәжілісінің депутаттарына қойылатын талаптар қандай?

BAQ.KZ Парламент Мәжілісінің депутаттарына қойылатын талаптарға тоқталып өтпек.

— ҚР азаматтығы;
— Соңғы 10 жылда республика аумағында тұруы;
— Кем дегенде 25 жаста болуы.

Қандай құжаттар өткізу керек:

— Өзіңіз түсетін округтік территориялық комиссияға арнайы өтініш жазу (арнайы шаблон бар);
— Өмірбаяндық деректер (арнайы шаблоны бар);
— Салық органынан өзіңізге және жұбайыңызға активтер мен міндеттемелер туралы декларация өткізгеніңіз туралы анықтама;
— Мүшелік жарна төлегеніңізді дәлелдейтін құжат (Мәжіліс 1 050 000 тг, Мәслихат 350 000 тг)

Қалай жүзеге асырамыз?

. Тұрғылықты жеріңіз бойынша Салық органына барып өзіңіз бен жұбайыңызға декларация өткізіп, ол туралы анықтама алыңыз (ал декларацияның дұрыс не қате кеткені туралы жауап тек 10 күн шамасында белгілі болады, ол жауап СК-на беріледі);
2. Анықтамамен өзіңіздің ОСК-на барып өтініш пен биография туралы қағазды толтырасыз;
3. Содан кейін ОСК Сіздің құжаттарды Прокуратураға, Миграциялық полицияға жібереді (толтырған мәліметтеріңіздің дұрыстығын, шетелде тұрғаныңызды не тұрмағаныңызды тексеру үшін);
4. Егер барлығы сәйкес келсе құжаттары барлық талаптарға сай деп тіркеуге алады;
5. Содан соң Сіз мүшелік жарнаны төлейсіз;
6. Ал осы уақытта ОСК Салық басқармасына сұраным жібереді Сіздің тапсырған декларацияңыз бойынша барлығы сәйкес пе екендігін білу үшін;
7. Салық органы барлығы тапсырған декларацияның жауабын береді. Егер осы жерде СО Сіздің декларацияда ауытқу бар десе, Сізді СК тіркеуден алады, барлығы дұрыс болса Сіз кандидат ретінде ресми тіркелесіз!
8. Кандидат ретінде ресми тіркелгеннен кейін ғана, ресми үгіт-насихат науқаны басталғаннан кейін ғана Сіз агитация жүргізе аласыз. *Оған дейін агитация заңсыз болып табылады.

Құжаттарды тапсыру уақыты 08.02.2023 ж. Сағат 18:00-ге дейін
Кандидаттарды тіркеу: 20.01-18.02 аралығында
Агитация 18.02.2023 cағат 18:00-ден бастап 18.03.2023 cағ: 00:00-ге дейін.
18.03.2023 — тыныштық күні
19.03.2023 — сайлау күні

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар