Оқушыларға халқымыздың айтыс өнері, оның түрлері туралы мағлұматберу, салт-дәстүрді дәріптеу, жас ақындарды тапқырлыққа, шешендікке тәрбиелеу мақсатында Ақмола облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Бала ақын – жас дарын» облыстық оқушылар айтысының аясында жас ақындар мен жетекшілеріне арналған шеберліксыныбы болып өтті.
Шеберлік сыныбын айтыскер ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Құдайберлі Мырзабек пенақын, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қоры» сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, үш мәрте Қазақстан Республикасы Президенті стипендиясының иегері Алмас Темірбай жүргізіп, халық шығармашылығы, қазақ мәдениетінің мұрасы – айтыс туралы тарқатып айтып, өз тәжірибелерін ортаға салды.
Аталмыш іс-шараға Ақкөл, Атбасар, Бұланды, Бурабай, Егіндікөл, Ерейментау, Зеренді аудандары мен Көкшетау қаласынан келген 26 жас айтыскер мен олардың тәлімгерлері көкейдегі сұрақтарын қойып, еркін пікір алмасу болды.
Іс-шара барысында жас айтыскер ақындар өз өнерлерін ортаға салды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суретте: іс-шарадан көрініс.