Ресейдегі қазақстандықтар Мәжіліс сайлауында қалай дауыс береді

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Ресейдегі қазақстандықтар 5 қалада орналасқан еліміздің дипломатиялық өкілдіктеріне келіп дауыс бере алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат елшілікке сілтеме жасап.

19 наурызда Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне кезектен тыс сайлауы өтеді.

Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған азаматтары Қазақстанның Ресейдегі Елшілігіндегі №265 сайлау учаскесінде дауыс бере алады.

Сайлау учаскесі Мәскеу уақыты бойынша 07:00 – 20:00 аралығында жұмыс істейді.

Сайлау учаскесінің мекенжайы:Мәскеу қаласы, Чистопрудный бульвары, 3 «А» үй (Қазақстан Республикасы Елшілігінің ғимараты).

Сайлау учаскесіне келген кезде өзімен бірге Қазақстан Республикасы азаматының паспорты немесе жеке куәлігі болуы қажет.

Мәскеуден басқа, Қазақстан Республикасының бас консулдықтарындағы сайлау учаскелерінде жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін дауыс беруге болады:

№290 сайлау учаскесі – Санкт-Петербург қаласы, Рылеев көшесі, 10-үй, сайт

№301 сайлау учаскесі – Қазан қаласы, Карл Маркс көшесі, 8/13 үй, сайт

№291 сайлау учаскесі – Астрахань қаласы, 1-ші Аршанская к-сі, 17 үй, сайт

№292 сайлау учаскесі – Омбы қаласы, Шоқан Уәлиханов көшесі, 9-үй, сайт

Сайлаушылар тізіміне ену үшін төмендегі форманы толтыру керек.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар