Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ана мен бала мәселесі – басты назарда - АРҚА АЖАРЫ

Ана мен бала мәселесі – басты назарда

Қазақстан Республикасының  Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымының орынбасары Салтанат Тұрсынбекова Ақмола облысында жұмыс сапарымен болды.

Бұл сапардың мақсаты өңірлік комиссияның қызметімен жақынырақ танысып, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қоғамның назарын аудару болып табылады. Салтанат Тұрсынбекова сапар аясында өңірлік комиссия мүшелерімен, Көкшетау қаласының көп балалы аналарымен, мектеп психологтарымен, Краснояр ауылындағы емхана қызметкерлерімен кездесті.

Кездесулер барысында Салтанат Тұрсынбекова мемлекеттік отбасылық саясатты іске асыру жөніндегі ағымдағы ахуал, саланың өзекті мәселелері, Қазақстан Республикасында 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру барысы  туралы тарқатып айтып берді. Жиынға қатысушылар өздерін толғандыратын сұрақтарды қойып, оларға тұшымды жауап алу мүмкіндігіне ие болды.

Аталмыш сапар Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Аида Балаева бекіткен Ұлттық комиссия мүшелерінің жергілікті жерлерге шығу кестесін орындау мақсатында жүзеге асырылып отыр.

 «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар