Қос саланы дамытып, халыққа жұмыс тауып беріп отыр

Ақмола облысының әкімі Ермек МаржықпаевАршалы ауданына жұмыс сапары барысында «Сарыоба Астық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болып, шаруашылықтың бүгінгі тыныс-тіршілігіне және даму жоспарларына назар аударды.

Өз кезегінде шаруашылық басшысы Әлібек Тоқбаев табысқа қалай қол жеткізгендері туралы баяндап берді.Мамандығы агроном ол бұған дейін Аршалы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы,аудан әкімінің орынбасары қызметтерін де атқарған. Ал, «Сарыоба Астық» шаруашылығына он жылдан бері басшылық етіп келеді. Шаруашылық егін, ірі қара, жылқы өсірумен айналысады.

– Шаруашылықтағы жалпы жер көлемі 56 мың гектарды құрайды. Дәнді дақылдардың жалпы көлемі 6700 гектар, оның 5,5 мың гектарын бидай, тағы бір мыңгектарын арпа дақылдары құрайды. Басында барлық техникадан 4 қана ақаулы трактор болған. Қазір 3 егіс кешені, 14 астық жинайтын комбайн, 14 трактор және шаруашылыққа қажетті өзге де техникаларымыз бар. Оған қоса, жалпы сыйымдылығы 7 мың тонна болатын тұқым сақтайтын бес астық қоймасын салдық, – деді өз сөзінде Әлібек Тоқбаев.

Бүгінде шаруашылық басшысыөзге әріптестерінің озық тәжірибесін де қолдануда. Мәселен, Иван Сауэрдің өнегесімен үш танапты ауыспалы егіс жүйесі қолданылады.Нәтижесінде еңбек өнімділігі артып, егіншіліктен түсетін кіріс молаятүскен.

– Бұрын әр гектардан орта есеппен 5-7 центнер өнімге қанағаттанып келсек, қазір 10 центнерді де аз көреміз. Біздің мал шаруашылығы жергілікті мал тұқымдарына негізделген. Бірақ, асыл тұқымды малды да әкелуді жоспарлап отырмыз. Алдымыздағы мамыр айында 600 басқа арналған тауарлы-сүт фермасының құрылысын қолға алмақпыз. 2024 жылдың қазан айында ол алғашқы өнімін береді деген ойымыз бар, – депӘлібек Әбдуәліұлы алдағы жоспарларымен де бөлісті.

Бүгінде серіктестікте барлығы 260-қа жуық адам жұмыс істейді, орташа жалақы 250-300 мың теңгеден айналуда. Осыған байланысты соңғы жылдары халықтыңжан-жаққа көшуі тоқтады. Оның үстіне жұмыс істегісі келетін адамдар көрші ауылдардан да келуде.

Ермек Маржықпаев шаруашылық экономикасының, сонымен бірге, ауылдық округтің жақсы жағына өзгергеніне тоқталды. Мал шаруашылығынан да мағлұмат берген серіктестік басшысы:

–Ауылда мал қоралары қалпына келтірілуімен қатар, аумақтары даасфальтталды, Нововладимировкада бруцеллез мәселесі толығымен шешілді, – деді.

«Сарыоба Астық» серіктестігінің ауыл тұрғындарына да көмегі мол. Серіктестік жергілікті мектепті жөндеуден өткізіп, шағын базар ашып, наубайхана салып берген. Онда жұмысшылар мен зейнет демалысындағы үлескерлер күн сайын нан өнімдерінің жартысын тегін алып тұрады. Айтуларынша, бір бөлке нанның құны облыс бойынша ең төмен, яғни,75 теңге ғана.

– Көптеген адамдар сүт өндірумен айналысуды қиынсынады, сөйтіп, малды тек еті үшін ұстайды. Алайда, тауарлы-сүт фермалары, әсіресе, осындай ірі ферма жыл бойы халықтыжұмыспен қамтамасыз етеді. Сондықтан, біз міндетті түрде мұндай шаруашылықты қолдап, аудан орталығына баратын жолды жөндеуге 140 миллион теңге бөлеміз, көшелерді жарықтандыруға да көмектесеміз, – деп түйіндеді өз сөзін облыс әкімі.

Сарыоба ауылдық округінің әкімі Амангелді Мұхаметрахимов ауылдың даму болашағы көп жағдайда ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының тиімді жұмыс істеуіне байланысты екенін атап өтті.

– Жұмыс пен лайықты жалақы болғанда ғана адамдар ауылда тұрақтайды. Соның бір мысалы, біздің шаруашылық, – деді ол. Айтса айтқандай, халықтың жағдайын ойлап отырған осындай серіктестіктер көп болса дейсің.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
Наталья ЯКОВЛЕВА.

Аршалы ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар