Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Франция тұрғындарының 76% зейнет реформасына қарсы - АРҚА АЖАРЫ

Франция тұрғындарының 76% зейнет реформасына қарсы

 – Франция көшелеріне жүз мыңдаған адам шықты: 31 қаңтар күні кәсіподақ пен солшыл саяси күштердің үндеуімен зейнет реформасына қарсы жалпыұлттық ереуіл өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат euronews-ке сілтеме жасап.

Осы күндері парламенттік арнайы комиссия зейнет жасын 62-ден 64-ке көтеруді көздейтін үкімет ұсынған құжатты шиеленіскен жағдайда қарап жатыр.

Ереуілге транспорт, энергосектор мекемелері, пошташылар, мұғалімдер, коммуналдық қызметкерлер, мемлекеттік қызметшілер қатысуда. Қарсылық шараларын қолдау артып жатыр: әлеуметтік сауалнама дерегі бойынша, Франция тұрғындарының 76 % реформаға қарсы.

Қарсылық шарасына лицей мен университет оқушылары да қосылды.

Франция үкіметі реформа өткізу қажеттігін алға тартады. Премьер-министр Элизабет Борнның сөзінше, зейнет жасын көтеру – соңғы шешім және «келіссөз жүргізу құралы бола алмайды».

Фото: Thibault Camus/AP

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар