Қазақстан Ресейдегі сауда өкілдігі мекемесін таратпақ

 – Қазақстан Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігі мекемесін таратады. «Ашық НҚА» порталында көпшілік талқылауында шығарылған құжатта осылай делінген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл мекеме бүгінге дейін Сауда және интеграция министрлігіне қарасты ұйым ретінде жұмыс істеп келген болатын.

«Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігі» мемлекеттік мекемесі таратылсын», – деп жазылған Үкімет қаулысының жобасында.

Қаулы жобасы көпшілік талқылауына 15 ақпанға дейін ұсынылып отыр.

Бұл мәселеге қатысты Сауда министрлігі түсінік берді.

«Мемлекеттік органдардың жұмысын оңтайландыру процесінің шеңберінде Ресей Федерациясымен өзара ынтымақтастықтың жоғары деңгейін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы сауда өкілдігінің жұмысын тоқтату туралы шешім қабылданды», – деді министрлік.

Айта кетсек, Сауда өкілдігінің кеңсесі Мәскеуде орналасқан. Мекеме Қазақстан мен Ресей арасындағы «Өзара сауда өкілдіктерін құру туралы» 1992 жылғы келісім негізінде жұмыс істейді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар