Ұлыбританияда соңғы он жылда болмаған ірі наразылық акциясы өтіп жатыр

– Ұлыбританияда соңғы онжылдықтағы ең ірі наразылық акциялары өтіп жатыр. Ұлттық ереуілге жарты миллионға жуық жұмысшы қосылды. Бұған инфляцияның өсуі және ереуілшілер үшін ең төменгі жұмыс көлемін енгізу жөніндегі үкіметтің бастамасы себеп болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.

Шеруге қатысушылар еңбек жағдайларын жақсартуды және жалақыны көтеруді талап етті.

Сәрсенбі күнгі наразылық шеруіне байланысты Ұлыбританияда мыңдаған мектептер жабылды, ондаған университетте дәрістер үзілді, қоғамдық көліктер жұмысы бұзылды, теміржол қатынасы мен көптеген әуе рейстері тоқтатылды.

Фото: ru.euronews.com

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар