Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Атқарылған іс аз емес, алдағы міндеттер де ауқымды - АРҚА АЖАРЫ

Атқарылған іс аз емес, алдағы міндеттер де ауқымды

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренованың төрағалығымен Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының «2022 жылғы негізгі басымдықтарды іске асыру жөніндегі жұмыстың қорытындылары және 2023 жылғы міндеттер туралы» алқа отырысы болып өтті.

Жиынға Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Алмас Алин, Көкшетау, Қосшы, Степногорск қалалары мен аудан әкімдерінің орынбасарлары, ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, сала қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Алқа мәжілісі отырысында жыл қорытындысы бойынша қалалар мен аудан әкімдерінің орынбасарларына бір топ сала майталмандарына Алғыс хаттар табыс етілді.

Алқа отырысында алғашқылардың бірі болып Ақмолаоблыстық дін істері басқармасының басшысы Алмаз Мұқажанов сөз сөйлеп, өңірдегі дін істері басқармасының атқарып жатқан іс-шараларымен таныстырып өтіп, халық арасында зайырлылық қағидаттарын ілгерілетуге және конфессияаралық  келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелерін ортаға салды. Қай-қашаннан да қоғамды ұйыстырып, ырыс-ынтымақты арттыру бұл аса өзекті мәселе. Себебі, бүгінгідей алмағайып заманда кез-келген сынаққа төтеп беру үшін бірлігіміз әрдайым бекем болуға тиіс. Ұлт тұтастығы – бүкіл қоғамның бірлескен еңбегінің нәтижесі екендігі анық.  Бұл орайда, татулық пен келісім саясатын лайықты жалғастырып, дамыта түсу – баршаның ортақ парызы екендігі анық. Басқарма басшысы өз баяндамасының өн бойында осы мәселелерді негізге ала отырып, жалпы ахуалды ортаға салды. Сонымен қатар, ол өз сөзінде аудан орталықтарында теолог мамандардың жұмысын ширату мәселесін де тілге тиек етіп, діни қызмет саласында мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты бірқатар мәселелерге де тоқталып өтті. Жиынға жиналғандар басқарма басшысына өңірлердегі діни ахуалды бақылауды күшейту жөніндегі шаралар туралы сұрақтарын қойып, оларға тұшымды жауаптар ала алды.

Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының саяси жұмыс және қоғамдық даму бөлімінің қызметі туралы басқарма басшысының орынбасары Нариман Әбдірахманов сөз сөйлеп, саяси партиялармен және қоғамдық-саяси бірлестіктермен өзара әрекеттесу саласында бүгінгі таңда жағдай тұрақты екендігін баяндады.

Облыста саяси партиялардың 5 облыстық филиалы жұмыс істейді. 2022 жылы сындарлы диалог орнату, бірлескен шешімдер әзірлеу және наразылық көңіл-күй мен белсенді әрекеттерді тежеу ​​міндетін жүзеге асыру мақсатында өзекті тақырыптар бойынша диалог алаңдары ұйымдастырылды.

Өткен 2022 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздерінің 30 жылдығы және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 30жылдығы атап өтілді, оның аясында 700-ден астам негізгі іс-шаралар ұйымдастырылған екен.2022 жылы 168 негізгі іс-шара қамтылыпты. Оның ішінде ұлы ағартушы ғалым Ахмет Байтұрсыновтың 150жылдығы, жазушы Мұхтар Әуезовтің 125жылдығы, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры, авиация генерал-майоры Талғат Бегилдиновтың 100жылдығы, көрнекті тұлғалардың мерейтойларына ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, 2022 жылы барлығы 9000-нан астам көп форматты іс-шара өткізілді. Халықты іс-шаралармен жалпы қамту 400 мыңнан астам адамды құрады.

Өткен жылдың маңызды қоғамдық-саяси оқиғаларының бірі азаматтық қоғам өкілдері байқаушы ретінде қатысқан Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы болды.

Өңірімізде Ақмола облысы әкімінің 2021 жылғы 19 қаңтардағы шешімімен саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі облыстық комиссия құрылып, жұмыс істеуде. Комиссия құрамында 27 адам, оның ішінде 9 сарапшы, 11 ғалым және де басқа саланың өз кәсіби шеберлері бар.

– Ақмола облысында саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі облыстық комиссияның жұмысы аясында 5 жұмыс тобы құрылып, олар саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссиялардың қызметін ұйымдастыру әдістемесіне сәйкес жұмыс істейді.2022 жылы жұмыс топтары мұрағат мәліметтерін зерттеу жұмыстарын жалғастырды. Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағатына, Алматы қаласындағы Орталық мемлекеттік мұрағатқа, Астана және Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының мемлекеттік мұрағаттарына ғылыми-зерттеу экспедициялары, қалалық және облыстық мұрағаттарға (Степногорск, Зеренді, Сандықтау, Қорғалжын аудандары) барып, құнды құжаттармен танысу мүмкіндігіне ие болды. Жалпы, 24 қордың 3 мыңнан астам мұрағаттық істері мен материалдары зерттелген. 2022 жылдың соңында ғалымдар мен сарапшылардың материалдары, баяндамалары, мақалалары мен баяндамаларының 2 жинағын шығару жұмыстары жүргізілуде, – дейді Нариман Әбдірахманов.

Басқарма басшысының орынбасары облыстағы этносаралық ахуалға да тоқталып өтті. Облыс аумағында 51 этнобағытталған қоғамдық бірлестік тіркелген. 2022 жылы тіркелген бірлестіктерден 19ы қоғамдық аккредитациядан өтіп, Ақмола ассамблеясымен тығыз жұмыс жүргізеді.

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жұмысына қоғамның барлық топтары тартылған, бүгінгі таңда 109 адам Ассамблея мүшесі болып табылады. Сонымен бірге, 20 адам облыс атынан Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамына кіреді. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан 8 қоғамдық құрылым жұмыс істейді. 2022 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Ассамблея жанынан Ақсақалдар кеңесі құрылып, Қоғамдық келісім кеңестері қысқартылған болатын.

Есепті кезеңде Ақмола ассамблеясы мен оның құрылымдық өкілдерінің қатысуымен түрлі этнос өкілдері арасында этникалық, мәдени және өзге де өзара іс-қимыл бойынша барлығы 1 437 қоғамдық маңыздыіс-шаралар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, 4 549 қайырымдылық акциясы өткізіліп, 545 миллион теңгеден астам сомаға көмек көрсетілді. Жалпы, өңірде қоғамды шоғырландыру, қазақстандық бірлік пен патриотизм деңгейін арттыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде. Этносаралық қатынастар мәселелері бойынша деструктивті жарияланымдарды анықтау тұрғысынан ақпараттық салаға жүйелі мониторинг жүргізіледі, 2022 жылдың қорытындысы бойынша Ақмола облысында болған 10 оқиға анықталған екен. Болған оқиғалар бойынша уақтылы ден қою шаралары қабылданыпты, бесеуімен профилактикалық жұмыс жүргізілді. Сондай-ақ, Ассамблея институтын одан әрі дамыту, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту мақсатында ҚХАА мүшелерінің, ЭМБ және ҚХАА қоғамдық құрылымдары өкілдерінің тақырыптық мақалаларының облыстық және өңірлік баспа басылымдарында жариялануын және көрнекі үгіт насихат жұмыстарын ұйымдастыру мәселелерін ширату керектігін баса айтты.

Алқа мәжілісінде Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Кәрімова да сөз сөйлеп, баяндама жасады.

– Өткен 2022 жыл саяси оқиғаларға бай болды. Өткен жылдың жұмыс ауқымына қысқаша талдау жасай отырып, алдымызда тұрған негізгі міндеттерді бірден атап айтқым келеді. Солардың қатарында әлеуметтік және қоғамдық саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, әлеуметтік шиеленістің алдын алу басты мақсаттарымыздың біріболып табылады, – дей келіп Гүлмира Тоқтарқызы өткен жылы атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталып өтті. Баяндамашы өз сөзінде жергілікті жерлерде ақпараттардың жедел әрі нақты деректермен қамтамасыз етілмеу жағдайлары кездесіп тұратындығын баса айтты.  Осының салдарынан тұрғындар қажетті ақпаратпен дер кезінде таныса алмайды.

– Күн сайын бізге қалалар мен аудандардан жергілікті саяси ахуал туралы ақпараттар келіп түседі. Бірақ, солардың арасында кейбір ақпараттардың уақытылы және жедел берілмейтіндігі аңғарылады. Өткен жылы ішкі саясат бөлімдері тарапынан саяси оқиғалар мен дағдарыстық жағдайлар туралы және басқа да ақпараттандыруға қатысты бірнеше рет кешіктірілген фактілер тіркелді. Басқарма басшысының орынбасары жиынға қатысушыларға кез-келген ақпаратты жедел әрі нақты деректерге сүйеніп беру керектігін баса айтты. Сондай-ақ, баяндамашы алдағы уақытта да ел мүддесі жолында бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бірлесе жұмыс істеуге шақырды. Алқа мәжілісінде қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру бойынша мәселелер де талқыланып, бұл туралы басқарманың жастар және отбасы жөніндегі бөлімінің жетекшісі Айсұлу Мырзахметова сөз сөйледі. Оның айтуынша 2022 жылы облыста мақсатты жұмыс жүргізіліп, 300 мыңнан астам адамды қамтыған 2 мыңнан астам түрлі форматтағы іс-шаралар өткізілді.

– 2021-2022 оқу жылы 232 ақмолалық студент Ақмола облысы әкімінің атаулы стипендиясының иегерлері атанды. Шәкіртақының жалпы сомасы 110 миллион теңгені құрайды. Облыста волонтерлік қызметке 3 мыңнан астам ерікті тартылған. Волонтерлік салада 18 жастар ұйымы белсенді жұмыс атқарады. Аудандар мен қалалардың жастар ресурстық орталықтары жанынан 84 волонтерлік орталық құрылып, жұмыс істейді. Жалпы, 2022 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде Ақмола облысында 6,0 миллион теңгенің сомасына волонтерлік қозғалысты дамытуға бағытталған жобалар іске асырылды, – дейді Айсұлу Оралқызы.

Жиын соңында Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Алмас Алин сөз сөйлеп, өңірдегі саяси ахуалды басты назарда ұстап, өзара ынтымақта жұмыс істеуге шақырды.

Алқа отырысының соңында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова бірқатар қалалар мен аудан әкімдерінің орынбасарларына және сала қызметкерлеріне Алғыс хаттар табыс етті.

Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суретті түсірген Айбек ДАНИЯРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар