Сайлауда байқаушы болуға 6 үкіметтік емес ұйым өтінім берді – ОСК

– Сайлауда байқаушы болуға ниет білдірген 6 үкіметтік емес ұйымның өтінімі қаралып жатыр. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы жанындағы сарапшылық кеңестің кеңейтілген отырысында ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазірдің өзінде 6 үкіметтік емес ұйым республика деңгейінде сайлауда байқаушы болуға ниет білдірді. Олар аккредиттеу үшін құжаттарын тапсырды. Оларды Орталық сайлау комиссиясы қарайды. Мемлекеттік органдардан тиісті жауап алу үшін көп уақыт кетеді. Барлығы қаралады, барлық ұйым рұқсат алады деп сенемін. Ол негізінен құзырлы органдардың қандай қорытынды жауап беретініне байланысты», – деп мәлім етті Нұрлан Әбдіров.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар